Баталар ✍️

  06.04.2022
  237


Автор: Бірлік күні

Ынтымақ пен бірлік күн!

Құтты болсын ағайын,
Ынтымақ пен бірлік күн!
Көп ұлтты қазақ есінде,
Күн шуағы шашсын нұр!
Халықтардың достығы,
Ынтымақта мәңгі тұр!
Бірінші мамыр мереке,
Жанымызда мәңгі жүр!
Достық күні ынтымақ,
Қуанышты көңілге іл!
Уа қазағым, көп ұлттым,
Сыйластықта өмір сүр!
Аспанымыз ашық боп,
Шырқалсын бұл ән мен жыр!
Құт-береке көбейіп,
Оянайық таңмен бір!
Жүрегіміз ән салып,
Әлем елі таң қалып,
Тұрсын бізге салып үн!
Уа Жаратқан, Тағала,
Бізді әркез қолда бір!
Бірлігіміз жарасып,
Тірлігіміз оң болсын!
Мерекеміз жарасып,
Берекеміз көп болсын!
Көп ұлтты қазақ елінде,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Әр шаңырақ төрінде,
Құтты қонақ көп болсын!
Мерекенің күнінде,
Еш жамандық болмасын,
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсылық орнасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу