Баталар ✍️

  06.04.2022
  396


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні ұлық күн!

Бірлік күні ұлық күн,
Бар жақсылық орнасын!
Бірінші мамыр күні бұл,
Қуаныштар жалғансын!
Халықтардың достығы,
Қанат қағып самғасын!
Көп ұлтты қазақ елінде,
Еш жамандық болмасын!
Ынтымақ пен береке,
Таба берсін жалғасын!
Сыйластық пен мереке,
Жоғалтпасын арнасын!
Қазақ, орыс, өзбек пен,
Түрік, кәріс, қытай кең,
Сыйластығы жандансын!
Аспанымыз ашық боп,
Көп ұлт елге ғашық боп,
Бар жақсысын арнасын!
Ұлт қаймағы бұзылмай,
Күліп лайым жүзіңде ай,
Қанатыңыз талмасын!
Саулығымыз мықты боп,
Бірлік күні құтты боп,
Таба берсін жалғасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу