Баталар ✍️

  06.04.2022
  450


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні құтты болсын!

Бірінші мамыр бүгінгі,
Құтты болсын күн «бірлік!»
Бірлік күні қуантып,
Жалғасын тапсын бұл тірлік!
Әр отбасы шаттана,
Әрбір сәттен бақ тапсын!
Ұлт бірлігі сақтала,
Шуағы мол таң атсын!
Халықтардың достығы,
Сыйластықта жалғансын!
Көңілдердің тоқтығы,
Әр адамда орналсын!
Ынтымақтың шад күні,
Қатарынан қалмасын!
Мерекенің бақ гүлі,
Ұлғайтсын өз арнасын!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу