Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  101


Автор: Абдрахман Асылбек

Тосқауыл

Аяз деген қақап тұр,
Аяқ-қолды матап тұр.
Бір амалын таппасаң,
Шынында да шатақ бұл.
Тыныштықтың сазын ап,
Бөлмесі тұр азынап.
Тәкең бойын жылытты,
Тартып алып азырақ...
Күнде осылай кеңседе,
Бөтелкені еңсере,
Біздің Бәкең үйіне
Оралып жүр теңселе.
* «Мәдениет» газеттің аты
«Мұның не, – деп, – хош, бауыр?
Сұрай қалса дос тәуір,
Дейді Тәкең тосылмай:
«Бұл – аязға тосқауыл».


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу