Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  176


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

КЕЗІМ ЕДІ КӨЗДЕН ТАМШЫ ЖАС ШЫҚҚАН…

Кезім еді көзден тамшы жас шыққан,
екі бетті теуіп еді шапшып қан;
Сонда менің көңіліме аптыққан
көрінген ол көйлек киіп ақ бұлттан.
Сол ақ бұлтқа талмай қарап келем мен,
Безгем және бұлттан өзге теңеуден.
Бір ақ бұлттан отыр едім өңгеріп,
Бір ақ бұлтты көрдім тағы төбемнен –
Сол қос бұлттан бір найзағай ырғып кеп,
Салды мені қабырғамнан бір бүктеп.
Қос ақ бұлттың іле алмаған біреуін
Кәрі шыңдай теңселеді жүрегім...
1965




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу