Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.03.2022
182
ЖЕТІ ҚОЛ
Тарау-тарау жолдары сараланған,
Жолдас қалған бұл жерде, жора қалған...
Қай кезде де текті өлкем нық тұрсын деп,
Жеті тұстан жеті өзен орап алған.
Жап-жасыл боп жатқасын беті жондай,
Қауіп-қатер төнбес те шетіне ондай.
Асау өлке құлағын тұқырта ұстап,
Қатып қалған
Жеті өзен жеті қолдай.
Талай мәрте ортайған тасып барып,
Өзендері жол тартса қашыққа анық.
Жер сілкінген сәттерде
Тырп еткізбей
Тұр үстінен жеті қол басып қалып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇