Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  169


Автор: Абдрахман Асылбек

Кеттің-дағы ауылға

Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.
Жүремін тек алаңдай,
Алданыш жоқ еш маған.
Жоқ іздеген адамдай,
Үйге-дағы кеш барам.
Кеттің де сен жырақтап,
Орап алды мұң-қайғы.
Тиянақты тұрақтап,
Бір ісім де тынбайды.
Қиындыққа көнімді,
Төзіп бітті жүрегім.
Селт еткізбес сенімді
Сен екенсің тірегім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу