Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  187


Автор: Абдрахман Асылбек

Достар әні

Өміріміз гүл жайнаған,
Тамылжыған таңымыз.
Бірге жүріп, бірге ойнаған
Достар едік бәріміз.
Сағыныстық, самғай ұштық,
Табыссақ деп тағы біз.
Достық құшақ қандай ынтық,
Жарасымды әніміз.
Көңілі шат, күлкісі күн,
Жастық жарқын шағымыз.
Баласындай бір кісінің
Сол достармыз әлі біз.
Тілегіміз бір өрілген,
Жырға толы жанымыз.
Дос таппасақ бұл өмірден,
Келісер ме сәніміз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу