01.03.2022
  204


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖыР МҰхИТыНың ЖүРДЕк кЕМЕСі

Иә, уақыттың желмаясы жас кезіңде шөптің басын жүре шалғандай, байырқағандай болушы еді, қазір ежелгі сар же- лісіне салып, жер апшысын қуыра бастады. Алдағы ғасыр- лардың «Алладин қақпасындай» құпия есігінде бізді не күтіп тұр? Ана тілінің, қара өлеңнің жай-күйі не болмақ?


Бұдан 80 жыл бұрын Максим Горький: «Біздің әдебиет – ұлы ойлар еңбек сіңіріп, жақында ғана мың түрлі гүлдермен құлпырып тұрған кең өлке еді. Енді, міне, надандықтың, қа- рабайырлықтың арам шөптері басып барады, тірі гүлдердің орнына қағаздан жасалған өлі гүлдер толып кетті», – деп налыған еді.


Қалай дегенмен де, көзі жасаурап, көңілі босап, қисса оқып отырғандарды қазір кездестіре алмайтынымыз анық.


Бүгінде қасиетті қара өлеңнің кер жорғасын кез келген жүгенсіз мінді, қақпалап жүрді, ерқашты қылды...


Біреулер үй арасындағы бозбалашылығын, қой үркіткенін, ит үргізгенін өлеңге айналдырып, арқандалған аттай аядай жерді шиырлап жүр.


Кейбір өлеңдер таздың басына құятын жып-жылы, божып кеткен айрандай жүрегіңді айнытады.


Сиырдың бұзауын жалаған жері секілді, тартылған бораз- дадай айқындалған, жылмиған бедерлі өлеңдерге зар болдық. Содан соң амал жоқ, Ілияс, Қасым, Ғафу, Жұмекен, Төле- ген, Сағи, Өтежан, Қадыр, Меңдекеш, Жұматай, Жарасқан, Темірхан, Сағат Әбдуғалиев, Есенқұл, Есенғали, Ғалымдар- дың кенелте жырлаған кесек жырларын оқып, мауқыңды ба-


сасың.


Осынау арғы-бергі салқар көштің кеуде тұсында келе жатқан, қазақтың талантты ақындарының тасбиығына ерте тізіліп, жасынан дарынымен жайтаңдап көзге түсіп, үйректің қасқалдағындай өрге жүзген өнерпаздың бірі – Ұлықбек Ес- дәулетов.


Ол жөргекте жатқанда өлең деп уілдеді десек күпірлік бо- лар, бірақ ес білген кезден серігі десек қателеспейміз.


«Алтын балық бәрін бергенде, талант бере алмайды. Берер еді-ау, бірақ бұл ғажап қасиет оның өзінде де жоқ. Оны ешкім


 


бере алмайды, ешкім тартып ала алмайды. Тек талантты боп туу керек», – деген еді бір кезде Расул Ғамзатов.


Ауылында ақын бала атанған Ұлықбек, кеудесіндегі Алла берген дарын шоғын маздатып, шайырлар меккесі Алматыға де жетті.


Бет-жүзі қаздың бөтекесіндей томпиған сүйкімді науша жігіт аса қиналмай, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсті. Жаздың тапшы түніндей бес жыл да құйғытып өте шықты.


Жайлап жылжи отырып, дүниенің жұмысын тындыратын алқаптағы трактор сияқты, Ұлықбек оқу бітіргесін баспалар- да редактор бола жүріп, өндірте жазды.


Шығармаларын қайта бір екшегенде бабалар рухы, туған ел, ару атамекен, ақ шариғат, әз махаббат, сағым көмкерген самиян дала – Ұлықбектің талайдан бері таусыла жырлап ке- ле жатқан жеңсік тақырыптары екенін байқаймыз. Әсіресе, ғашық – машық, сүйіспеншілік жайына келгенде қаламы есі- ліп жүре береді.


Сүйсек біздер сүюші едік өртеніп, Ал жек көрсек –


Жек көруші ек жеркеніп.


Сол бір дәурен тәтті еді ғой, дариға – ай, Пәк едік қой, болсақ тағы боркемік.


Толқындары жуасыған сол арна,


Қайта-қайта қарғын құйса – толар ма? Адамзаттың бәрін сүйіп шықсақ та, Тұңғыш рет сүйіскендей болар ма?


Иә, махаббат меңдуанасына мас болған алғашқы балғын шақ өмірбақи естен кетер ме? Борбайында безі, шекесінде көзі, аузында уәлі сөзі бар жігіт-желең бұл қанбазарға соқпай өте ала ма? Албырт шақта махаббат отына сағыныш май- ын құйып, қартайғанша өшірмей жүретін жандардың бірі – ақындар ғой.


Қашан да дарынды жан тебіреністің нәрлі қабатына жет- пейінше қағысы, шабысы үйлеспей, пұшайман күйге түседі. Ал, енді сол құнарлы қабатқа жеткен кезде, шабыт көзі бұ- лақтай ашылады. Бұдан 40 жыл бұрын жазылған мына өлеңге құлақ түрейік:


 


Қыр үстін өртеп отымен, Қырмызы жүзбен күн батты. Қызыға қарап отыр ем, Қайырлып атам тіл қатты:


«Батысқа, балам, қызықпа, Батқан күн – біздің күніміз, Көкжиек деген сызыққа Сіңгенше ғана тіріміз.


Уақыт зулап улы оқтай, Уатып өтер төзімді.


Сондықтан, балам, күн батпай, Айтып қал айтар сөзіңді»


Бір қарағанда бұл өлеңде анау айтқандай алып-жұлып ба- ра жатқан ештеңе жоқ. Алайда, айтар ойдың бар мәйегі соң- ғы шумаққа шоғырланған. Бейне бір өз атаңның қоңыр ке- ңесіндей құлаққа жағымды естіледі. Ең бастысы, Ұлықбек осы ғибратты ақындық ғұмырының темірқазығына айналды- руы еді. Былайша айтқанда, ерте есейді. Жүректің, шабыт- ты көңілдің ауанымен қалам тербеп, күшенбей нәрлі жыр- лар тудырды. Оның үстіне, Ұлықбек жасынан әдебиетіміздің небір жайсаңдарының қасына қосшы боп еріп, қолдарына су құйып, әңгіме-сырларына қанығып өсті. Бұл да екінің біріне бұйыра бермейтін қисапсыз орал, әсері мол қауышу...


Поэзия – тіршілік қалтарысының қайталанбас суреттерін қапысыз бақылауды, сарыла зерделеуді қажет ететін әдебиет- тің ең бір қытымыр саласы. Ендеше, өлең шіркінді Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, төпеп болмағанмен, төгілтіп жаз- ғанға, сапырып болмағанмен сағына жазғанға не жетсін!


Кезінде Николай Асеев:


«Мне не бабушкино знахарство, Не рецепты мудрых врачей.


Стих – единственное лекарство, От бессонных долгих ночей», –


деп, шын ақынның көразап бейнетін дәл суреттеген еді.


Міне, Ұлықбектің де 40 жылғы қисапсыз азабының аз- ғантай өтеуіндей болып, 10-нан аса жыр кітабы дүниеге келді. Бұлар сөз жоқ,араға жылдар салып, түйеше толғата жүріп берген бірегей туындылары еді.


 


Әсіресе, ақынның табиғат туралы жырлары қан тамы- ры лыпылдап соғып тұрған жанды организм секілді. Оқыр- манның құлағына таудан аққан бұлақтың сылдыры, көлдің нар қамысының сыбдыры, шапқан аттың дүбірі, ғашық жү- ректің күбірі естілгендей болады.


Бозторғай сазы төгілген, Буыныңды алар масайтып. Осынау өндір өмірге Кетерсің қалай қош айтып?!


Жүресің қалай бұл жерде, Біреуге деген өкпемен?!


Біреуге деген қызғаныш, Біреуге деген кекпенен?! Сұлулыққа да санасы Тазармас жанды жек көрем.


Енді «Қызыл іңір» деген өлеңнің оқып қарайық:


Қалың орман қойнауына, Қып-қызыл күн қонғанда. Қарағайлар жол бойында Қалың ойға шомғанда.


Қып-қызыл боп мұнартпай ма, Қара жолдың шаңдағы.


Жеңілденіп қуантпай ма, Іштегі ойдың салмағы.


немесе:


Көрдім мен кең дүниенің солғын шағын, Сөніпті көкжиектен торғын сағым.


Бурыл бұлт бірсін-бірсін жер тарпиды, Тамшысы бұрқылдатып жолдың шаңын.


Көбелектің қанатының өзі желпіп жіберетін ақ борпылдақ жолдың шаңын алғашқы тамшылар қалай бұрқылдататынын бәріміз де көрдік. Бірақ, көз алдыңа елестетіп отырып, осы- лай жаза алдық па?!


Ақынның шеберлігі сонда, ол толғанысын, әсерін інгеннің соңғы иіндісіндей етіп, сараңдықпен әрі сыздақтатып бере біледі, түрлі-түсті бояу гаммаларын іріктеп, құлпырта төгеді.


 


Иә, мына бірін-бірі қиып жеп жатқан алакүлік ғұмырда қуанышпен қатар, қасірет те ырғын екенін ақиық ақын Ұлық- бек Есдәулетов қолына қалам ұстағаннан бері тынбай жырлап келеді. Алайда, тапшы таланттан, таңқы дарыннан кемел су- реткер шығып көрген емес. Өнерді өмірлі ететін – шындық.


Ұлықбек өнернамасындағы кең дүниеге кеудесін көлегей- лемей сөйлейтін азаматтық батылдықты, адамзат болмысы- ның өрелі де өркешті сипаттарын тапжылтпай танитын сурет- керлікті, өжеттік пен өткірлікті талай замандастары тамыр- шыдай тап басып айтты да.


Құдайға рас!


Безейік деп пе ек ардан біз? Безбейік десек жан жалғыз! Түңіле де алмай жаннан біз, Айтқан да сөзден танғанбыз... Жеме-жемге келгенде Жағымызды аша алмай, Зәремізді баса алмай,


Үрей буып, үн өшіп, Ашылғандай алдан құз, Біздер бұғып қалғанбыз... Ауызды буып, жапсырып, Тістедік тілді тас қылып. Жақ ашуға жібермей


Басты ау ауыз бастырық... Тірлік үшін кем күндік, Қанша үмітті жер қылдық. Билікке біреу сөз айтса,


Жау көргендей жең түрдік. Екілене есіріп,


Есесіне ел қырдық ... Бостандық деген құс еді, Балапанын өлтірдік...


Құдайшылығын айтыңызшы, қоғам бетіндегі әдемі маска- ны быт-шыт қылып, бітеу жараның аузын жұлып, қанды өңез



  • іріңін ағыза айтқан Ұлықбектей ақын бар ма қазақта?!


«Құдай атасына бергенді, ботасына да береді» дегендей,


 


бұл шайыр да басынан сөз асырмайтын, әділетсіздік тасы- раңдаған жерде ақ сайтаны атойлап, жыны қоза қалатын, тәңірден басқа ешкімге «тәйт» дегізбеген кешегі аруақты Махамбеттердің заңды жалғасы еді.


Азаматтық ерліктің соқтықпалы сындарынан өтіп келген ақын адамдардан ел бірлігін, ірілікті, рухани тұтастықты та- лап етеді.


Қалай дегенмен де, Ұлықбек жырларының астарында бу- ырқанған өмір, екшелген кескіндер, қазының майындай жү- рекке шық ете түсетін терең әсер, бойлатпайтын шүңейт иірімдер жатады. Алғыр ақын сан ғасырдың белгілі бір оқиғаларын тек ұлттық шеңберде ғана қарамай, оны ел мен жер, жер мен көк, адам мен қоғам, заман мен тарих мидай араласып кеткен жалпы әлемдік кеңістікте бейнелейді. Әлем- ді ғаламат үйлесімділікпен әрі зор хикметпен жаратқан бір Алланың тіршілікті пышыратпай ұстап тұрған құпия заңды- лықтарына шұқшияды.


Маңдайыма жазылған пешенем дер, Кімге керек мен кетсем осы өлеңдер? Қоздап жатқан кеудемде қоламтаны, Бұрқыратып бекерге көсемеңдер.


Күн түскенде төріне жер кепенің, Сездім әлі сөнуге ерте екенін.


Сахарада сау қалған саяқ үміт, Сені қиып кетпеуге серт етемін!


Осы бір шумақтарды бірінен бірі сатылап өрбіп, сатылай биіктеп бара жатқан сарабдал ойшылдық демеске амалымыз жоқ. Ұлықбек Есдәулетов – сөзсіз қара өлең жазирасындағы, қала берді әлем поэзиясындағы ірі тұлға.


Негізінен суреткердің қиялы су шаянының сексен бөліктен тұратын мозаикалы көздері сияқты шалмайтын қиясы жоқ, сондықтан да оның шығармаларындағы астары терең ишара- ларды кейде кәнігі сыншылардың өздері де байқай бермейді.


Келе жатып қалың бауда, Жалғыз аяқ соқпақпен.


Сәл отырып дамылдауға, Бір түбірге тоқтап па ең?


 


Сұлулыққа тамсандың ба, Қызыл бұлтты іңірде?


Сонда бір сәт зер салдың ба, Астыңдағы түбірге?


Сырын желге толғамайды, Өркені жоқ томаршық.


Қабықтан жас сорғалайды, Қалсаң егер сен аршып...


Осы бір «Түбір» деген өлеңнің де философиялық аста- ры терең. Бейне бір орта ғасырдағыдай әлдісі әлсізін дал-дұл етіп, паршалап жатқан қу тіршілікте әлгі түбір секілді оталып түскен ғаріп пен қасерлер аз ба?


Сөз жоқ, Ұлықбек талғамы мен ізеті мол, талабы қатал ортадан тәлім алған талантты тәлабалардың бірі.


Иә, ел мұқтажын айтып, аттандай бастасаң, батпандай проблема табасың.


Алайда, халық тағдыры саудаға түскенде өрттей қызарып, қылғына сөйлейтін, я болмаса шерлі өлеңдерімен шенділер- дің шатына шоқ тастайтын шандоз шайыр ештеңеден тартын- бады.


«Балаң жас, атың белгісіз кезде айтқан қарсы пікірлерің



  • айға шапқан арыстанның әрекетімен бірдей. Ел қамы үшін сөйлеуге – үлкен еңбек иесі, атақты адам болуың керек, сонда ғана сөзің өтеді», – деп еді бір кезде Мұхтар Әуезов.


Осы орайда, бозбала шағынан бастап, шашы бозала бол- ған кезге дейін өзінің сара бағытынан айнымаған адуын ақын соңғы жылдары ұлт мұң-мұқтажына аянбай ат салысқан ру- хани мехнаткер дәрежесіне көтерілгенін айтпай кетуге бол- мас.


Жүргізе алмас перғауынға Мұса әмір, Әмір етсе – Жаратқанның ісі әділ ... Шерін төккен шайырда жоқ бет перде, Тіліне ешкім сала алмайды тұсауыл! –


десе, енді бірде:


Үріккен елі үдеріп, Үңірейген көшесі,


Ұлын жоқтап жыр өріп,


 


Ұлып қалған шешесі. Ұжданы – еш, тұзы сор боп, Ұланы – опат, қызы қор боп, Ұрпағының жүзі шер боп,


Үдірейген ұлы Үстірттің төсі осы ... Үзілмеген үміт қалса,


Үгілмеген жігіт болса,


Үкілеген үмбет барда, қайтар бір күн есесі!, – деп, келіннің тойы, кемпірдің өлімі емес, ердің құнын, нар- дың пұлын даулайтын, ердің арысы, елдің намысы сынға түскен кезеңде Ұлықбек ақын айбарлы жырларын ақ жамбы- дай көкке атады ...


Мұндайда ақын үшін қайнаған күйікті басар дәру өлең ғой. Біздің ауырған жерлеріміз көп, бірақ солардың ішінде ерекше қан қақсатқаны осы бір қаныпезерлік болатын.


Қалай дегенмен де, жандалбасаға ұшыраған адам баласы- ның хаос кезіндегі жан дүниесін, бауыздар алдындағы бұл- қынысын дәл Ұлықбек өлеңдеріндей жеткізе алатын шығарма кемде-кем.


Өлеңнің сюрреалистік қалпы қоғамдағы дауасыз дертті тамұққа теңейді.


Несін айтасың, сол зобалаңнан кейін халқымыздың арсы- зы семірді де, арлысы жүдеді ғой.


Ақиқатын айтқанда, Ұлықбек әуелі от көсеп алып, арты- нан «япырмай, не істеп қойдым, осы әрекетімнен опық жеп қалмас па екем» деп қосүрейлікке салынып, шыжбаңдап жүретін жандардың сортынан емес.


Өнебойы уақытпен үзеңгі қағыстыра жүретін даңғайыр ақынның құз жағалаған жалғыз аяқты сайтан көпірдей қия- мет-қайымнан жанын жалдап өтуі бір бұл емес.


Оның ақындық тұлғасын қасқайта көрсету – үлкен ізде- ністі, тебіреністі қажет етеді.


Сонда да болса, алпыс рет қар басқалы отырған қазақтың қабырғалы шайырының өнернамасына аз-кем тоқтала кет- кенді жөн көрдік. Сараңдау болса да, шын көңілден шыққан ақжарма тілектің бәсі, нарқы бөлек қой!


Бір қуанарлығы, кешегі Сырбай, Ғафу, Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Сағи, Әбіш, Жұмекен, Жарасқандар кекілін тарап,


 


жалын сүзген жайтаңдаған жас құлындай Ұлықбек бүгінде зар күйіне келген нағыз тарланбозға айналыпты.


Уақытқа да бас иместей Шіренген,


Кейпімде бір ғажап ғұмыр сүрер ме ем?! – Сағатыма қарамайтын,


Өйткені


Жүрегімнің уақытымен жүрем мен, –


дейді ақын бір өлеңінде.


Дұрыс. Дауысы кейде жарылатын минаның сыртылындай сол сағат құрғырдың қажеті қанша! Өз жүрегінің уақытымен жүргенге не жетсін, Ұлеке!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу