27.02.2022
  412


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЖҰМБАҚ ЖАНДАР

 


Төбе үстінен айнала алақандағыдай көрінеді. Екеуі қатарласа отырып, жан-жағына құмарта қарасты. Бұлар отырған төбеден недәуір қашықта жасыл желек жамылған орманның ар жағынан еңсесі биік, қос мұнаралы қамал


көрінеді...


Әлдекімдер мұнара төбесінде қарауытып, қозғалып жүр. Қолына ұстаған ұзынша құралының ұшы күнге шағылып, жалт-жұлт етеді.


Қара Қарындаш:



  • Пәлі, анау найза ғой, – деді үрейлі үнмен.


 


Ақ Альбом сайға қарай құлаған қасқа жолмен келе жатқан бір топ адамды осы кезде аңғарған. Ол Қара Қарындаштың сөзіне құлақ аспаған күйде:



  • Қара Қарындаш, аналарды көрдің бе? Алдыңғылардың біреуі Кекілді


Қыз секілді емес пе? – деді дүдәмал үнмен.



  • Кәне?!

  • Ана сай жаққа қара! – Қара Қарындаш серігі нұсқаған тұсқа жалт қарады


да, өз көзіне өзі сенбегендей, бір нүктеге қадалған қалпы мелшиіп қатты да қалды. Бір қауым уақыттан кейін барып сөйлеуге шамасы келді.



  • Масқара-ай! Ағасы екеуінің қолын артына қайырып, байлап тастапты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу