Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  154


Автор: Абдрахман Асылбек

Кемсітуге қақың жоқ, кем жаралған қай жерім?

Кемсітуге қақың жоқ, кем жаралған қай жерім?
Басқалармен барабар барлық мүшем сай менің.
Егескенмен егесем,
Теңескенмен теңеңсем,
Тежей алман тізгінін өмір атты бәйгенің.
Бетіме айтқын, ағайын, жаманымды жаман деп,
Түзетермін табанда, жатса егер шамам кеп.
Қол бергенге – жол берем,
Өң бергенге – төр берем,
Мүсәпір деп аяма, қарағын тек адам деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу