Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  103


Автор: Абдрахман Асылбек

Түсін, жаным

Мен неден бұл өмірде тосыламын?
Кеудемде егіз туған қос ұланым.
Солардың бал үніне қосыламын,
Болды тек ортаймаса осы бағым.
Мен кімнен шаттығымды жасырамын?
Шуақ боп, шұғыла боп шашыламын.
Болашақ ұрпақтарды асырадым,
Солардың әуендері – асыл әнім.
Қызым деп, қыр төсінен гүл жинадым,
Ұлым деп, жыр көшінен жыр жинадым.
Кешеулеп шыққанымен бір жинағым,
Ол үшін өкінбедім, қынжылмадым.
Қатардан қап қойдым деп қысылмадым,
Сонда да бақыттымын,
Түсін, жаным.
Алымды ұлдарымды ұшырғаным –
Жалынды жырларымды ұсынғаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу