Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Ол біледі

Әнін жазған Ғалым Есімбергенов

Ол біледі өзін:,
Таңғажайып тұлғасы.
Тартты көптің көзін,
Сырнайлы сыңғыр сырғасы:
Ол біледі өзін:
Қимылдары ырғақты.
Көрсең жүрген кезін,
Қадамы әрбір қымбатты.

Қайырмасы:
Ол үшін би алаңы –
Өзіңдей ару мекені.
Жетелеп қиял әні,
Асыға жетемін.
Ғажайып сұлу қыздың
Сеземін сонда екенін.
Ерекше нұрлы жүзін
Армандап өтемін.

Ол біледі өзін:
Артық ұстап бағасын.
Махаббаттық сезім –
Күлкісіндегі жарасым.
Ол білеі ме, бірақ,
Ғашық болп қалыппын.
Мен үшін ол – шырақ,
Арайлы аспан, жарық күн.

Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу