Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  204


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Бүгінгі елім-ай

( Бұрынғы “Елім-ай” халық әнімен)
Қазақтың қазынасынан көш көшуде,
Қайран көш бағасы арзан бос кетуде,
Елім-ай, темір-ай,
Қара алтын қазынаны қимайды екен,
Көрген ел алтын қорға жас төгуде,
Елім-ай, темір-ай,
Қай заман мына заман? Тайғақ заман,
Әрнәрсе әркімге де айғақ заман?
Құдай-ай, мұнай-ай,
Бар байлық көз алдыңда шетке кетсе
Өз ішің күйінетін қайнап заман?
Құдай-ай, мұнай-ай.
Қай заман мына заман, мыстан заман,
Көгілдір газың қолдан ұшқан заман,
Назым-ай, газым-ай
50 ел қатарында боламыз деп
Әрнәрсе қолға бермей қысқан заман,
Назым-ай, газым-ай
Аман бол, шетке кеткен байлықтарым,
Қайтейін, көңілдегі жайды ұқпадың,.
Еңбек-ай, Теңгем-ай,
Өңделіп, шет ел барып қайта келіп,
Жүректі қиын боп жүр айнытқаның
Еңбек-ай, Теңгем-ай
Айтайын тағы нәрсе толғанып-ай,
Жыл сайын от оранған орманым-ай,
Қорғаным-ай, орманым-ай,
Тамырың балта кескен зар жылайды
Еліңнің көрмеген соң қорғанын-ай,
Қорғаным-ай, орманым-ай,
Қазақтың аман болсын ел- өлкесі,
Ауылдың келер ме екен берекесі
Қауым-ай, Ауыл-ай
Шекесі шаруалардың шылқылдайтын,
Ауылдың болар ма екен мерекесі.
Қауым-ай, ауыл-ай.
Елімнің жетіп жатыр байлықтары,
Байлықтан көбеймей тұр айлықтары


Байлық-ай, айлық-ай,
 Ауыл-ел “Елім-ай” деп күрсінгенмен,
Билігі туған жердің жайды ұқпады.
Байлық-ай, айлық-ай.
***
Езгіден біз езілмей қалған жанбыз,
Ұрпақтан ұрпақ өсіп жалғанғанбыз,
Елім-ай, елім-ай,
Егемен алсақтағы еңсе төмен
Сондықтан “Елім-ай” деп зарланған біз,
Елім-ай, елім-ай,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу