Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  152


Автор: Абдрахман Асылбек

«АТУ» – білім ордасы

Әнін жазған Мақсат Жүсіпов

Қоғамға аса қажет адамдарды –
Дайындап жатыр мықты мамандарды.
«АТУ» деп аталады оқу орны,


Жол ашқан озық ойлы заманға алғы.

Қайырмасы:
«АТУ» – білім ордасы,
Жарқын өмір жол басы.
Қанат қаққан қырандай
Талаптының жолдасы.
«АТУ» – орда замандық,
Сансыз сала мамандық.
Қалыптасар бұл жерде
Мамандық пен адамдық.

Қазақтың қанатты қыз, баласы көп,
Білімге бәрінің де таласы көп.
«АТУ»-да оқып жатыр таңдауымен,
Маңызды мамандықтың саласы көп.

Қайырмасы:

Жастарға «АТУ» жарқын жол ашады,
Құшағын қуанышпен мол ашады.
Ертеңі еліміздің – ертегідей,
Өркендер өрендермен болашағы.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу