19.02.2022
  155


Автор: Абдрахман Асылбек

Тыңдай білем

Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алғыс алдым, бата алдым.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да апамның
Қолқанаты атандым.
Тыңдай білем үлкенді,
Құлақ түре білгем-ді.
Сондықтанда талай сөз
Үлкендерден үйрендім.
Үйренерім әлі көп,
Мақалдардың мәні көп.
Жақсы сөздің бәрін де
Тыңдай білу – ғанибет.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу