18.02.2022
  207


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өзгерген сөздер

Кейінгі уақытта «Ер жігіт мал тапқанмен не болады, Құдайым бір
жағынан құрамаса» – деген жолдарды жиі естиміз.
Естігенге ешбір қатесі жоқ секілді. Алайда, сөз түбіне үңілсеңіз, үйдегі
қажетіңізді өзіңіз жимасаңыз, кез келген бұйымды Алла құрамайды ғой. Осы
орайда Нұржан Наушабайұлының:
«Домбыра күйге келмес бұрамаса,
Кім білер кімнің жайын сұрамаса,
Ер жігіт мал тапқанмен не болады,
Жұбайы бір жағынан құрамаса» – деген шумағы ойға оралады.
Шынында да, ер жігітті Алласы қолдаса да, оның тапқанын ұқсататын
жанындағы жұбайы емес пе?! Біздің ойымызша, Нұржанның осы жолдары
қанатты тіркеске айналып кеткен. Кейін сөз мәнін жете түсінбейтін кездейсоқ
біреулер оны өзгертіп, «жұбайым» сөзін «құдайымға» ауыстырып алған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу