Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  259


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жанашыр бастық, жалынды палуан

Әзікей де алымды,
күш қуаты қарымды.
Жастайынан жалынды,
жігіт болды салымды.
Алшы түскен асығы,
азаматтың асылы.
Жағаласып жататын,
бала кезден машығы,
Берекешіл, ұйымды,
күн еткізген тиімді.
Бүлдіршіндей ұл болды,
тербиелі зиынды.
Әкесі үлгі береді,
жастай ақыл енеді.
Сүйкімді де сымбатты,
палуан болды денелі.
Ұстап күрес күтімін,
сезді жүрек лүпілін.
Арыстанға бергісіз,
алпамсадай бітімі.
Түлкідейін ілгендей,
қырандайын бүргендей.
Екі иыққа еңселі,
екі кісі мінгендей.
Тұлабойы шымырлы,
түйедейін сіңірлі.
Қаруына шақ келмей,
қарсыласы түңілді.
Еңгезердей бойы бар,
терең, түпсіз ойы бар.
Тік кетеріп тебеге,
баяу жығар жайы бар.
Сіре, екі айтпайтын,
айтқанынан қайтпайтын.
Жомарт еді бірегей,
сұрасаң қол тартпайтын.
Адамдарды қимайтын,
кішпейілмен тыңдайтын,
Атын да ел атамай,
«Әз-ағаң» - деп, сыйлайтын.
Жұмылдырып достарды,
тербиелеп жастарды.
Аймағымның саудасын,
ұзақ жылдар басқарды.
Қамын ойлап басқаның,
– деп, кермеген: – шаршадым.
Без біреуше шенденіп,
сатпайтұғын менсабын.
Аңқылдаған ақ кеңіл,
жан еді ғой жансебіл.
Сыйлап етті жарықтық,
ел-жұртына шатты емір!
Ағалардан бата алған,
күрес – десе, жата алман.
Аймағымның екі рет
жеңімпазы атанған.
Тебесінен тік тұрды,
Жастарға едіс ұқтырды.
Күш атасын тани ма?
талай тізе бүктірді.
Тойда арысқа түседі,
бері мықты кісі еді.
Әрбір тойдың соңында,
қалатұғын үшеуі.
Қорғап Борбан кешегі,
той күресін шешеді.
Әзікей мен Нежікей,
дара шыққан,- деседі.
Терезесі тең еді,
ардақты еді, ер еді.
Хан кетерген халығы,
еңіреген ер еді!
Қатал тағдыр қинады,
қайғы бұлты шырмады.
Маңдайына халқының,
қайран Әзің сыймады.
Таусылсын!- деп шыдамы,
тағдыр бірін сынады.
Қос ағадан кез жазып,
қалды Некей сыңары.
Атақ, абырой жинады,
Ұрпақ, даңқты сыйлады.
Марқұмдардың құдайым,
Жолдас болсын иманы!
...Сондай мықты арысын,
келер ұрпақ танысын.
Күш-қуаты болашақ
баламызға дарысын!
20.12.2001 ж. Үлкен жүрекпен, сағынышпен еске алып жаздым.
Моңғолия жазушылар одағының мүшесі, ақын
Берімбай Ысқақұлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу