17.02.2022
  7959


Автор: Жібек Ысқақова

Оу нағашы, нағашы!

Оу нағашы, нағашы,
Жүзіңнен арай кетпесін.
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсылық беттесін.

Оу нағашы, нағашы,
Әр ісіңіз оң болсын.
Әрбір жылы, әр күні,
Денсаулығың зор болсын!

Оу нағашы, нағашы,
Маған қарай қарашы.
Білесіз бе, тым жақын,
Нағашы, жиен арасы.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу