16.02.2022
  335


Автор: Гүлсім Оразалықызы

ЖЕЗҚАЗҒАН КЕННІҢ ҚОЙМАСЫ - екінші тарау

Бұрын-соңды естігені болмаса, Шахмарданның Жезқаз- ғанға бірінші келуі. Қалай десек те, келісі келіс-ақ болды. Біреу емес, қос академик: Бардин мен Сәтбаевтың қасында жүрудің өзі бір мәртебе көрінді. Ұшақтан түсісімен-ақ, Жез- қазған комбинатының басшылары олардың аяқтарын жерге тигізер емес. Мықты деген қонақ үйге әкеп орналастырды. Не ішем, не жеймін демейсің, бәрі алдыңда. Бәрінен бұрын кен байыту комбинатына келгендегі көрініс – үйілген тас пен топырақтан мыс пен қорғасынды ажыратып алу әдісі Шах- марданды қатты қызықтырды. Теориясын кітаптан оқыған, біледі. Іс жүзінде көрудің әсері мүлдем басқаша болып шықты. Қызық құбылыс. Шахмардан адам ақылына, оның ішінде ғалымдар жетістігіне тәнті.


Комбинатты аралап көру, шахталарға түсу, нағыз кеннің көзін көру, не керек, ойламаған жерден «атқосшы» болған жігітке бұның бәрі нағыз ертегінің әңгімесіндей. Шахта де- ген аты болмаса, іші кең, зәулім. Кен қазатын техника мен кен таситын машиналар емін-еркін сиып кеткен. Жан-жақтан самаладай жарқыраған жарықтарға қарап қызығасың, бей- не бір аспандағы жұлдыздар осы алып үңгірдің ішіне кіріп кеткендей-ақ. Алып экскаваторлар ақсиған алып тістерімен кенді опырып құлатуда, оны конвейерлер жедел әкетіп жа- тыр, әкетіп жатыр. Құлақты тұндырарлық тар-тар, гүр-гүр еткен дыбыстар. Бәрі қосылып қайнаған еңбектің «сим- фониясын» ойнап тұрғандай. Қызық көрініс, өзгеше әлем! Сырттағы тыныш тіршілікпен мүлдем салыстыруға келмей- ді. Шахмардан қатты әсерленді. Санасында бір тосын ой зу етіп өте де шықты. Бірақ, ешкімге айтпады.


Айнала өндірістің у-шуы. Жан-жағын қаумалаған көптің ортасында Сәтбаев пен Бардин тұр. Оларға комбинат басшы- лары ауыздары тынбай, қолдарын сермеп-сермеп әлденені баяндауда. Бір сәтте Сәтбаев орта жастағы бір кеншімен


 


Шахмарданның әңгімелесіп, оның сөзін құныға тыңдап тұр- ғанын байқап қалды. Жас өреннің «білсем» деген ниетіне қуанды. Ойына бір идея сап ете түсті. Бірақ, айтуға асық- пады...


Бірінші күні осылай өндіріс орындарын аралап, ертеңіне партия басшылары мен кәсіпорын бастықтары, кенші, бар- лаушы-геологтар қатысқан үлкен жиын болды. Сөйлеушілер көп-ақ. Бәрінің әңгімесі кен мен кенші, геолог-барлаушы төңірегінде. Сөйлегендердің ішінен Қаныш ағаның айтқан- дары көпті елең еткізді. Ол көсіліп біраз сөйледі. Сөздері до- малап-домалап түсіп жатыр. Сөзінің аяғында:



  • Мыс пен полиметалл концентраттарын балқытудың біз өзіміз ойлап тапқан неғұрлым жетілдірілген әдісін өн- діріске тезірек енгізудің қажеттігін, оның маңызының зор екенін бәріңіз де түсінетін сияқтысыздар. Өкінішке қарай, ол әдісті өндіріске енгізу ісі тым баяу жүргізілуде. Жарты- лай өнеркәсіптік сынақ бұл әдістің артықшылығын дәлелдей алмайды. Шындығында біз оны жаңа әдіске сай келмейтін ескірген қондырғыларда сынап жүрміз ғой. Реактивті двига- тельді арбаға байлап, жүргізіп көріңізші, қандай болар екен, быт-шыты шықпай ма?!» – деді.

Шахмарданға «реактивті двигательді арбаға байлап жүр- гізіп көріңізші» деген теңеуі қатты ұнады. Шынында да ашыл- ған жаңалық өз орнымен, өз технологиясымен толық сынақ- тан өтпесе дұрыс нәтиже бермейді ғой. Жаңалықтың жаңа- лық екенін дәлелдей де, көрсете де алмайсың. Қаныш аға дәл теңеу тауып айтты деп, өз-өзінен риза болды.


Сапырылысқан екі күндік жиын бітіп, кешкі ас та ішіліп, бәрі де ентіктерін басып, қонақ үйде әркім өз бетінше дема- луда. Ертең Алматыға ұшады. Шахмардан екі күн ішінде кен мен кенші, геолог пен барлаушы өмірінің бұрын өзі біл- мейтін жақтарына біраз қанықты, бір жағынан қызықты да. Теория мен практика арасында әжептәуір айырманың барын көрді, түсінді. «Бұрын білмейді екенбіз, сөйтсек, геология мен барлаудың, кен байытудың проблемалары әлі көп екен- ау. Ғалымдар оны шешудің жолдарын айтса, кеншілер қиын- дығын алға тосады. Қызық», деп, іштей ойлап қойды. Не бол- са да, Шахмардан «атқосшы» болып келгеніне қуанды.


Шілденің қақ ортасы болса да, мұнда аса ыстық емес, Сарыарқаның самал желі жанға жайлы тиіп, рахатқа бөлеп


 


тұр. Шахмардан есік алдындағы орындыққа келіп отырды. Күн алаулап батып барады. «Ертең күн ашық, ыстық бола- ды». Әкесі айтатын, күн батарда Батыс жақ қып-қызыл ша- паққа бөленсе ертеңіне күн ыстық болады деп. Осылай әр түрлі ой жетегінде отырғанда қонақ үйден Қаныш ағасы шық- ты. Қасында екі адамы бар. Былай ұзатып барып, олармен қоштасты да, Шахмарданға қарай жүрді.



  • Мен сені іздегелі отыр едім, жақсы болды, жүр бы- лай, жүріп қайтайық, – деді салмақты үнмен. Қатар жүріп ке- леді, екеуі де биік, екеуі де сымбатты, айырмалары тек жаста- рында ғана. Қаныш Сәтбаев ердің жасы елуге келіп қалған, Шахмардан болса жиырманың үшеуінде. Олар шамалы жүр- геннен кейін-ақ қала шетіне шығып кетті. Көз ұшына дейін созылып жатқан кең дала. «Қызық, топырағы қызыл қоңыр... жер бедері біздің ауылға ұқсас» деп қойды іштей Шахмар- дан. «Жезқазған ұнады ма, кешегі жиналыс-жиындардан бір нәрсе ұға алдың ба?” деген сияқты жеңіл-желпі сұрақ төңі- регінде әңгіме-дүкен болды. Бір кезде Сәтбаев әңгіме арна- сын бірден басқа жаққа бұрды:
  • Міне, қалқам Шахмардан, Қазақстанның атын әлемге танытып жатқан Жезқазған, Жезді, Ұлытау деген жеріңіз осы болады. Мына топырақты қарашы, қызыл-қоңыр тартып жа- тыр. Осының өзі дәл осы жерде кен барын байқатады. Зерт- теп, зерделей білсең болды, – Шахмарданға бір қарап қойды.


  • Қалқам, сенімен ақылдасқалы тұрмын, бірақ бәрін де өзің шешесің, – деді.

    • Рахмет аға, мені бір көтеріп тастадыңыз ғой, Сізге ақыл қосатындай шама болса менде, – деп, күлімсірей қарады аға- сына Шахмардан.
    • Қазақ айтады: «Асыл тастан, ақыл жастан!» деп. Біздің жасымыз ұлғайып келеді, сендер өсіп келесіңдер. Әкенің ор- нын бала, ағаның орнын іні баспаса, өмір алға озбас еді. Тір- шілік заңы. Абай айтпай ма: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...» – деп. Менің де жасым ұлғайған сайын арманым азая ма десем, қайта көбейіп барады. Қазақ дала- сы тұнған байлық, оны өзің секілді жастар иемденсе, игер- се деймін...



Шахмардан Қаныш ағасының не айтқалы келе жатқанын түсіне алмай, жайлап жүзіне қарады. Шынында да Қаныш аға- сының маңдайына әжім сызықтары түсіпті. Екі-үш күннен


 


бері демалған жоқ, соныкі де болар. Бәрі бір бұйра шашта- ры толқынданып, маңдайы жарқырып, қыр мұрыны, қоңыр көзі, бәрі-бәрі өзін көріктендіріп тұр.



  • Аға, қарттықты ойлау Сізге әлі ертерек болар, – деді Шахмардан жай ғана, басқашалау айтуға батылы жетпей.
  • Жоқ, ертеңін ойламаған ғалым өзінің бар ісін, ашқан жаңалықтарын өлтірумен пара-пар. Менде шәкірттер бар, же- теді. Сені сондай шәкірттерімнің бірі деп есептеймін. Осы сен Алматыға оралмай-ақ, Жезқазғанда жұмысқа калсаң қалай болады, аспирантура деген қайда қашар дейсің. Ол жақтан гөрі сен осында қажеттірексің, өз жастарымыз әлі аз мұнда. Кешелі бері өзің шет жағасын естіп, біліп жатырсың, ше- шуін күтіп тұрған мәселе көп. Геология саласында ғылыми жұмыс жүргізу үшін әуелі барлаушы болып, дала төсін ара- лап барып ғылымға келген дұрыс. Зерттейтін мәселең өзінен өзі алдыңнан шығады...Академияның кабинетінде отырып жоқтан бар жасап, саусақтан сорғандай... геологиядан жаңа- лық іздеген адам даланы, мынау салқар дала төсін аралауы керек. Сонда небір сыры ашылмаған құпия құбылыстар жұм- бағын жайып салады, – деп, Сәтбаев Шахмарданға «мұныма не дейсің?» дегендей жымия қарап тұр.

Шынын айтқанда Шахмардан мұндай тосын ұсынысқа қа- лай жауап берерін білмей, ойы сан-саққа кетті. Бірақ, бағана жиналыста Қаныш ағасы Қазақстанның кен байлықтары жө- нінде жосыла сөйлегенде, геолог-барлаушы болғысы келіп кеткен-ді. Сонда бір сезімнің тосыннан жалт ете қалғаны есінде. Қаныш ағасы тура соны біліп қойғандай, дөп басып тұр. Таң қалып аға бетіне тіктеу қарады. Оны басқаша түсі- ніп қалған Сәтбаев:



  • Жауапты дәл қазір бермей-ақ қоюыңа болады, түнімен ойлан, таңертең айтарсың...

Екеуі қонақ үйдің алдындағы орындыққа жайғасты.


Табиғат шіркіннің қай ісіне таң қалып, қай сыр-қырын түсініп болғандайсың. Қаныш табиғаты сұлу, қыздың жиған жүгіндей текшеленіп жиылған тау мен тасы текті тұрған Баянауыл бөктерінде дүниеге келсе, жас Шахмардан баяғы- баяғы бағзы заманда барша қазаққа отан болған сұлу Сыр бойында, оның ішінде Шиеліде дүниеге келіпті. Сөйте тұра екеуі бір біріне қатты ұқсайды. Жарқыраған жазық маңдай, маңдайдан әрі басталатын толқын-толқын, бұйра-бұйра қою


 


қара шаш, ойлы, терең тұнық көз, хас батырларда ғана бо- латын қыр мұрын, не керек адам қызығарлық, сүйсінерлік түр мен тұрпат екеуінде де. Шахмардан анда-санда аспанға, самаладай самсаған жұлдыздарға қарап қояды. Қиялы биік- те. Сәтбаев оған Ұлытау туралы, үш жүздің басы қосылған киелі тау екендігін айтып, әрісі Жошы хан, Едіге би,Абылай хан... жайлы, олардың аумалы-төкпелі заманда өмірлерінің өткенін, қиын кезеңдерден халықты алып шыққандарын жай- лап айтып, біраз әңгіме шертті. Әңгіме астары қатпар-қат- пар. Өмірдің ащысы мен тәттісін қатар татып келе жатқан ғұлама ғалым өмірі де сонау-сонау замандарда ел басқарған хан мен билер тағдырынан бірде-бір кем емес. Бабаларың бай болған, өзің «Алаш» партиясында болғансың деп күні бүгінге дейін қоқаңдайтындар табылып тұр. Ұстазының бар әңгімесін Шахмардан зейін қоя тыңдап отыр:



  • Шахмардан айналайын, шынымды айтсам, небір дүбір- лі оқиғалар өткен осы сары даламды сағынамын. Адамды адам еткен ақылдан гөрі қиялы. Қиял болмаса жалғыз ақыл


  • жетім. Қиялы мен арманы болмаса, бұл адамзат көк аспан мен жеті қат жер астының сыры мен құпиясын аша алмас еді, баяғы үңгірінде әлі отыра берер еді... Академияның бітпей- тін, ұшы-қиыры жоқ шаруалары кейде шаршатады. Оның үс- тіне күнделікті өмір ағысымен, таптаурын болған табан жол- мен жүре бергің келмей, жаңалық іздейсің, өзгеріс енгізгің келеді. Ол біреуге ұнаса, екіншісіне ұнамайды. Қайшылық, қақтығыс, адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігі осы жер- ден басталады. Менің мақсатым енді-енді қаз-қаз басқан ба- ла сияқты жаңадан жеке шаңырық көтеріп жатқан қазақ ғы- лымын көтеру болды, басқалардан қалып қоймау болды. Қандай жаңа бастамалар бастасам да, идеялар көтерсем де ойымда осы мақсатым тұрды. Адамда мақсат болуы керек, әйтпесе, өмірің босқа өтіп кетеді. Адам алдында әр күннің, әр жылдың, сосын болашақтың мақсаты айқын болуы керек. Осыны есіңде мықтап сақта, қалқам! ... Бірақ жас ұлғайған сайын шабан тартып, кедергілер көбейіп, көңілің түсіп, құл- шынысың азая береді екен, – деп, Қаныш ағасы әңгімесін аз-кем тоқтатып тұрды. Қаншама адамдардан көрген, қиянат пен қызғаныштан туған жала-жапасы «мені де айт!» деп, кеу- десін тепкілеп, дабыл қағып тұрса да, табиғат берген сабы- ры мен салқын ақылына салып, сыр шашпады. Қиянат жа-

 


сап, тырнақ астынан кір іздеп, тіптен қуғын-сүргінге салған адамдар атын атап, түсін түстемеді. Ондағысы, жаны таза, арманы асқақ, тіршілік қарекетіне енді араласқалы отырған жастың санасын уландырғысы келмеді. Одан гөрі болашақ- тың мақсатын, ғылым жаңалықтарын айтқысы келді. Әрі қа- рай әңгімесін жалғап:



  • Айналайын Шахмардан, Қазақстан территориясына Англия, Франция, Испания, Австрия, Бельгия, Голландия, Дания тәрізді жеті мемлекет сыйып кетеді. Ол өзінің шет- сіз, шексіз кеңдігімен ғана емес, кен байлығымен де әлемді таң қалдырады. Қазіргі Қарсақбай, Жезқазған, Қоңрат, Қа- рағанды, Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе химкомбинаты


  • бүкіл Одақ көлемінде алыптар санатында тұр. Ұлы Отан соғысында жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Қазақтың кең байтақ даласы, оның бұйра құмдары мен тау-қыраты толған алтын мен күміс, жез бен мыс, көмір мен мұнай... Кезінде ол шеті мен бұл шеті- не ұшқан құстың қанаты талатын кең алқаптың асты, жер қойнауы кенге толы. Бейне бір алып қойма ма дерсің. Тек со- ны таба біліп, ел-халық игілігіне жарату керек. Атақты орыс ғалымы Ломоносовты білесің, оқыдың, сол кезінде «Россия жерінде сан жетпес байлық бар, оны игеру үшін ғылым ке- рек!» деп халқына ұран тастаған. Соның нәтижесінде Ар- хангельский, Губкин, Обручев, Ферсман, Усовтар сонау-со- нау палеозой эрасынан бері жер-ана қойнында сақталып кел- ген асыл қазыналарын қалай танып, қалай табудың жолда- рын көрсетті...

Ал, мына маң далаға талайлардың көзі баяғыда, сонау- сонау көне замандарда-ақ түскен. Осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: «Арал теңі- зінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жездің молы соларда. Өз жерінен қазып алады» деген. Осы қонысты мекен еткен Балталы-Бағаналы елі жерінің атын Жезқазған деп қойыпты. Қай кезде, қандай атамыздың қаз- ғанын дөп басып айту қиын, ал, бірақ бір шындық бар, ол – түрлі кен байлығының молдығы.


Менің жастық шағымның ең қызықты кезеңі осында – Жезді, Ұлытауда өтті. Таисия Алексеевна екеуміз рюкзагі- мізді иығымызға асына салып, дала кезіп кететінбіз, – осы тұста Қаныш аға тағы біраз үнсіз отырып қалды. Зады, ешбір


 


алаңы жоқ, арманы көп жылдар «мен мұндалап», атойлап алдынан шыққаны-ау. – Ата-бабамыз сан ғасыр алаңсыз осы далада малын жайып жүре берген. Сөйтсе, табанының ас- ты, жер-ананың қойны толған алтын мен күміс, мыс екен. Оны табу, көзін ашу ХХ ғасыр ұрпақтарына, бізге бұйырды. Енді біздің ісімізді жалғайтын сендерсіңдер. Біз қол жеткізе алмаған армандар мен мақсаттарға сендер жетулерің керек, соған ұмтылу қажет...


Қаныш ағасы соңғы сөзін мұңдылау айтып,тіршіліктің тәтпішін татқан, көп нәрседен көңлі қалыңқырап тұрған адамның сыңайын танытты. Жас Шахмардан ғұлама ғалым- ның көңлінің бір жабырқап, бір жадырап отыруының сырын ол кезде түсінбеп еді.


Жезқазғанға бұлар аз ғана топ болып келген. Сол аздың бірі – геолог Н.В. Мельников былай дейді: « ...ағылшындар сүттің қаймағын сыпырғандай, аса бай рудалардың беткі қабатын ғана алып, содан соң кен орындарын тастап ке­ те берген. Бізге салдама болған үш бұрғылау қондырғысын ғана қалдырып, өзге жабдықты өздерімен бірге алып кет­ кен. Қиындық деген көп болды, соның ішіндегі ең басты­ сы – Жезқазғанда мыс рудаларының аса мол кені бар деген­ ге ешкімнің сенгісі келмеді. Көп адамдар ағылшындардың болжауына сүйеніп, күмәндана бастарын шайқады, терең қабаттардан барлау скважинасын бұрғылауға рұқсат бер­ меді. Сәтбаев не де болса тәуекелге бел буып, өз жорама­ лының дұрыстығына жаңа дәлеледер тауып отырды.


«Үлкен Жезқазғанды» барлау ісі баяу ілгеріледі, адам керек болды. Қабілетті қазақ жігіттері мен қыздары Ле­ нинградқа курсқа жіберілді, сөйтіп, бір жылдан кейін­ақ ша­ ғын да болса күшті, іскер коллектив құрылды» дейді. Сол оңай болып па еді? Жоқ! Шаруа қазақты бұрғылау ісіне үй- ретті. Толып жатқан «жоқ, жоқ». Сол «жоқтарды» бар қылу қиынның қиыны. Сонда да Жезқазған төңірегі дүрілдеген еңбек пен байлықтың отанына айналдырылды. Баяғыда ке- ліп, жез бен мысын түйемен тасыған шет ел байлары мен инженер-геологтары болжап кеткен шамадан Қаныш Сәт- баев тапқан байлық 30 есе асып кетті. Бұған жету үшін ол Жезқазғанды табаны күректей он бес жыл барлады, зерттеді, бар күш-қайратын, білімін жұмсады. Осы мәліметтен кейін


«Жезге баймыз!» деп, дауыстары жер жарып жүрген амери-


 


кандардың демі басылып, үні бәсеңдеп қалды. Ал, Қаныш болса өз ұлтының, қазақ халқының абыройын аспанға бір- ақ шығарды.


Бірақ Қаныш бұның бәрін Шахмарданға айтуды жөн көр- меді де, сөзін басқа бір тұстан жалғады:



  • Қалқам Шахмардан, кен барлау жұмысы, геология ғы- лымы өте бір қызықты нәрсе. Кейінгі кезде теориямен ғана айналысатын геолог-ғалымдар арасында кен мамандығы – ин- женерлік мамандық деген пікір айтылып жүр. Бұған қосылу қиын. Бұл пікірді қолына қайла мен балғасын қатар ұстап, кен көзін іздемеген, кабинетте отырған ғалымсымақтар пі- кірі деп қабылдаймын. Егер білсең, аса көрнекті геологтар Карпинский, Обручев, Федоров, Мушкетов, Заварицкийлер әуелде кен инженері болған адамдар. Кен ғылымы комплек- сті ғылым, оның бір жағы жаратылыстану ғылымына жатса, екінші жағы – техникалық ғылымға жатады. Осы тұсты сен де ұмытпа, қатар алып жүруді, меңгеруді ойла, ғылымға сені өзі бастап әкеледі. Ұстаздың ісін шәкірт жалғамаса, ол да бір өлі дүние-дағы.

Міне, айналайын, аз айтты не, көп айтты не, өзің іске араласқан күні бәрін де түсіне бастайсың. Жезқазғанда қалу- қалмауыңды ертеңге дейін ойлан... жүр, дем алайық, – деп, әңгімесін бітіріп, қонақ үйге беттеді.


Қаныш ағасының әңгімесін ыждаһатпен тыңдады, тіле- гін де, артқан сенімін де түсінді. Ол ұзақ ойланған жоқ, «не- сі бар, қалсам қаламын! Қаныш ағаның өзі де осы жерден өскен жоқ па?! Практиканы, өмірді көру керек демеді ме. Оның үстіне ғұлама ғалымның өзі ұсыныс жасап, сенім біл- діріп тұрғанда...» деді өзіне өзі. Тек ауылда, Тартоғайда қал- ған қарттарын ойлайды, ақырында «көшіріп аламын осын- да!» деп бір-ақ кесті.


Ертесін Қаныш Сәтбаев бөлмесіне барып, шешімін айтты. Сөзін аяқ асты етпей, құлақ асқанына риза болған Қаныш ағасы: «Бір жыл істеп көр, болмаса Алматы қайда қашар дейсің...» деп, жұбатып, арқасынан қақты. Көңілі көтеріліп, жүзіне нұр ұялады. Дереу геология-барлау басқармасының бастығына «жұмысқа ал, далаға жібер...» деп, телефон арқы-


лы, нақты тапсырма беріп те тастады.


Содан, Шахмардан Сарыарқаға «атқосшы» болып келіп, отряд геологы атанып, Жезқазғанда қалып қойды.


 


Академик Қаныш Сәтбаевтың жас Шахмарданға ағынан ақтарылып, «армандарым көп» деуінің сыры тереңде. Бұл жердің байлығы әлі мол. Соны табу керек. Сонда ғана ел экономикасы көтеріліп, халық тұрмысы жақсарады. Жеке бастың қамы емес, көптің мүддесі, түптеп келгенде өз елі- нің, өз халқының жағдайы ойландыратын. Ағалар ісін жал- ғастыратын жастар керек, шәкірт керек. Әрине, Сәтбаев шә- кіртсіз емес, тіптен көп десе де болады. Нақ осы даланы, Жез- қазған маңын зерттейтін, өзі бір кездері бастаған ісін жалғас- тыратын нағыз жанашыр шәкіртті іздейді.


Тану мен талғам деген де бір күрделі нәрсе. Табиғат бер- ген таным көзі, тәжірибе, ерекше бір қабілет-қарымы бол- маса, бастаған ісіңді кез-келгенге сеніп бере алмайсың. «Бо- лады» деген шәкіртің бордай тозып, «болмайды» дегенің өсіп, жақсы маман атанып шыға келгенде өз болжамыңнан өзің- нің ұялатын кезің бар. Қанышта да мұндай сәттер болған. Бірақ, неге екені белгісіз, әйтеуір Шахмарданға бір бүйрегі бұрып, болашағынан үміт ететін.


Қаныштай ағаның ақылын алған Шахмардан Ұлытау жаққа шыққалы жатқан экспедицияның отряд геологы болып кете барды. «Естінің сөзін есті ұғады» демей ме ұлы Абай. Шахмарданның Қаныштай ғұлама ғалымның ұсыныс-тіле- гін тыңдап, «ойланайын, ауылға барып келейін» деп, сөзбұй- даға салмай, бірден бұрын көрмеген-білмеген Жезқазғанда қалуында шын мәнінде естілік, ер жеткендік, бәрінен бұрын Қаныштай ел азаматына деген үлкен құрмет жатыр еді.


Аға тілін алған геолог-барлаушы Шахмардан алдынан қызық өмір басталды. Айнала толған тастар. Кәдімгі, бірі қара, бірі сарғыл, енді бірі қызғыл түсті тас. Бірақ ол геоло- гтар үшін жәй тас емес, сыры нәзік, құпиясы терең тастар екен. Анау, бедірейіп тұрған, айғайласаң сені мазақ еткен- дей, өз дауысыңды өзіңе қайтарып жіберетін жарқабақтарды айтсаңшы. Бір қабаты қызыл, бір қабаты сары, енді бір тұсы қап-қара...былайғы көзге түк емес. Ал, геологтар үшін толып жатқан теория, құпиясы көп тылсым дүние. Айтып тауыса алмайтын білім мен ғылым, сосын – байлық!


Сол қызыққа – барлаушы қызметіне кірісіп кеткен Шах- мардан екі айдың қалай өтіп кеткенін де білмей қалыпты. Басқа да тіршіліктің бар екені, ауылда әке мен анасының «ба- лам диплом алып келеді» деп күтіп отырғаны ойына орал-


 


ды. Енді ауылға асықты. Бастығына барып жағдайды айтып, қыстық киімдерін әкелмек болып, оншақты күн демалыс ал- ды. Алматыға жетті, ертеңіне-ақ апасы Аяш екеуі Шиеліге пойызбен шығып кетті. Апасы Аяштың да туған жерге кел- мегеніне көп болған, талай нәрсе өзгеріп, тіршілік басқа бір түрге енгенін байқады. Ол аз күннен соң Алматыға қайтып кетті де, Шахмардан ауылда қалды. Әке мен анасының қуа- нышында шек жоқ. Жалғыз ұлдарының адам болғанын көріп қуануда. Тек әкесі Жорабек қана салқын. Мүмкін күткені ауылға келіп үйленіп, немере сүйіп, өздеріне сүйеніш бола- тын шығар деп үміттенген болар. Бар ата мен ананың басты мақсаты да осы емес пе?!


Келгелі бері Шахмардан да әке қабағының салқын сы- зын сезіп жүр, себебін де біледі. Сондықтан да «Әке, Жез- қазғанға көшейік!» дегенді айтатын ұрымтал тұсты таба ал- май қиналуда. Не керек бір күні айтты-да. Әкесі Жорабек тура осы сөзді күткендей, жауабын дайындап отырғандай, бірден: «Көшейік, көшейік! Ең бірінші ол үшін сен анау Оқ- шы мазарында жатқан ата-бабамды көшір, сосын мен де кө- шемін!» деді, тік қарап. Сосын, мұныма не дер екен деген- дей бетіне қарап үнсіз біраз отырды. Әкесінің мінезін білетін Шахмардан жауап айтуға асықпады. Жаңағы зілдене айтқан сөзінде бар жауабы тұрған жоқ па. Шахмардан көнбейтін мі- незді көрген соң үндемей құтылуға көшті.


Ағайын-туғаннан жас адамның ажырауы оңай. Бірақ ол да есейген соң неге екені белгісіз, ат айналып қазығын та- уып, сол ағайынды іздей бастайды. Ал, қартайған адамның туған жерден, ағайыннан ажырауы – жұртта қалған бұралқы иттің өмірімен бірдей, ішінде бір нәрсе ұлиды да отырады. Басқаларды білмеймін, қазақ үшін дәл осылай!


Үнсіздікті көп ұзатпай Жорабектің өзі бұзды. Баласын көп қинағысы келмеген болуы керек.



  • Айналайын, Шахабас! Сенің әкең ауылдағы оқымаған жаман шал емес, бізді тастап қайда барасың деп етегіңе жар- масатын. Кен іздеп, байлық тауып, елімді-жерімді көгерт- сем деген ниетіңе қуанамын мен сенің. Біз де жас болдық, үлкен-үлкен арман бізде де болған. Бірақ біз өмір сүрген, нағыз жұмыс істеп, жұлқынып тұрған кезіміз бір бітпей- тін аласапыран соғыстарға тура келді, жастығымыз жау- мен жағаласумен, жаңа қоғам орнатамыз деумен өтті. Бізде

 


тұрақты, тыныш өмір болмады. Енді сендерге өмір берсін. Өткенде Алматыға барғанда көрдім, шырағым, «жақсыдан



  • шарапат!» дейді халық, үлкен ел сыйлаған ағаларыңның пайдасы тиіп, жақсы атың шығып жүрсе болды бізге. Бізге алаңдама, тек мына шешең болмаса... үй шаруасы деген біт- пейтін бір митың жұмыс қой, қыңқылдап қояды келін болса деп... Сенің ақылың менде емес, менің ақылым сенде емес. Жүрген жеріңде Алла амандығын беріп, абыройлы етсе бол- ды бізге...

Осымен көшу-қону әңгімесі бітті. Жезқазғанға қайтатын күні таяп, Қызылордадағы жиен әпкесі Күлпатшаның үйіне келді. Бірер күн осында аялдап, мұндағы туыстарды аралап, үлкендерге сәлем берді. Бір күні әпкесінен:



  • Әпке, көршінің үйінен бір қыз шығады күнде, ол кім,


  • деді Шахмардан.

    • Ә, ол Жәмиланың сіңлісі ғой. Өзі бір пысық, зерек қыз. Педучилищені үздік бітіріп, институтқа түсті биыл. Әкесі мен анасы жас кезінде қайтыс болып, әпкесі тәрбиелеп келеді.



Ниетін түсіне қойған Күлпатша бауыры Шахмарданның келгенін сылтауратып кешкісін көршілерін қонаққа шақыра қойды. Орта бойлы, бидай өңді, мойылдай қап-қара көзді, сұлу қыз Кәмила бірден Шахмарданға ұнап қалды. Танысты, ертеңіне киноға бірге барды, келесі күні қаланы қыдырды, сырласты. Қайтатын күні келсе де Шахмардан қайтпады, екі күнге кешікті. Ақыры екі жас хат жазысып тұратын болып, сөз байласты.


Шахмардан «әкесі мен анасын көшіріп аламын» деген байламының іске аспай қалғанына өкінбеді, оларды түсінді.


«Бірер жыл қызмет істеп көрейін, болмаса қайтып келіп, қас- тарында болармын» деп, өз қабырғасымен кеңесіп қойды. Бәрінен бұрын Кәмиладай қызды кездестіріп, танысқанына қуанды. Сол қуанышымен Шахмардан Жезқазғанға оралды. Ойына Кәмила жиі түседі. Жиі хат жазады, жауап күтеді. Хат алған күні Шахмарданнан бақытты адам жоқ. Өзімен бірге оқыған, тай құлындай тебісіп, студенттік шақтарын бірге өткізіп, Жезқазғанға жолдамамен келген жолдастары: Темеш, Ғазиз, Далабай кейінгі кезде Шахмардан мінезінен өзгеріс сезіп жүрген-ді. Ақырында Темеш: «Осы сау емес, біреуге ғашық болып қалған!» десе, Далабай досы: «Көзі ай- тып тұр ғой, Мен ғашықпын!» деп, одан әрі ойларын өрбітіп,


 


әзіл-қалжыңға ұластырып жібереді. Бұл сөз құлағына ти- ген Темештің жұбайы Ғазиза, Ғазиздың жұбайы Сара, Дала- байдың жары Шара Шахмарданды ортаға алып, «аты кім, әдемі ме, қайда оқиды?» деп айналдырады-ай келіп. Ынтық- тырып, біраз уақыт айтпай жүрді де, ақырында Кәмила жай- лы бәрін айтып берді. «Жезқазған жерінде дүркіретіп бір той жасайықшы, тездетіп үйленші!» деді Ғазиздың жары Сара шын пейілмен. Бұл Шахмарданның да ойында жоқ емес, бі- рақ, Кәмилаға бірден қалай айтсын.


Көп жұмыс күтіп тұрды Шахмарданды. Келе салысы- мен тағы да экспедицияға кетті, одан тапқан тастарын зерт- теп зертханада біраз отырды, қайта далаға кету, тау-тасты кезу... осылай тіршілік доңғалағы дөңгелей берді, дөңгелей берді. Күз бітіп, қыс та келді. Мұнда Шиелінің қысындай жұмсақ, жылы емес екен, ақ боран бір басталса үш-төрт күнсіз тоқтамайды, дүниенің астан-кестеңін шығарып кә- дімгідей долданады. Боранның соңы аязға ұласады. Қатты аяз болғанда сонау-сонау ұзақтағы Ай да құлақтанып, ай- бат көрсетіп тұрғандай көрінеді.«Қызық. Адам мінезі де та- биғат-анаға қатты ұқсайды-ау.Бірде қатал, бірде сырбаз, бір- де дарқан...». Ойды ой қуалап Шахмардан Шиелідегі ата мен анасын есіне алды, қыз Кәмила келді көз алдына. Сағынған- дай ма, қалай?! Ауылға аңсары ауды, барып қайтқысы келді.


«Қаныш ағадан ұят болады!».


Жұмысбасты болып жүрген кезде, қыстың бір суық күні


«суық хабар» әкелді. «Әкең нашар жатыр» деген жеделхат- ты оқи салысымен жолға шықты. Геологтарға жағар-жанар май таситын машинамен зорға дегенде Қызылордаға, сосын Тартоғайға жетсе, шынында да әкесі хал үстінде екен. Шах- марданын, жарық дүниеден арттырған жалғыз ұлын күтіп жатты ма кім білсін, ол келісімен кешікпей қайтыс болды. Жетпіс екі жастан асқан шағында мына жарық дүниенің небір дүрбелеңі мен аласапыранын көріп, ащысын көптеу, тәттісінің де дәмін татып көз жұмды. Асқар тауы – әкесін Шахмардан өз қолымен ақ жуып, арулап қойды, перзенттік парызын орындады.


Қайтарда Қызылордаға соғып, Кәмилаға жолығып, әке- сінің дүниеден өткенін, анасының жалғыз қалғанын қинала айтып, «үйленіп, үй болайық» дегенді жақауратып көріп еді, Кәмила: «оқуымды бітірмей тұрмысқа шыға алмаймын...»


 


деді үзілді-кесілді. Ұнатып, жақсы көріп тұрған адамына қа- лай өктемдік жасасын, Шахмардан бұған көнді, бір-бірін кү- туге уәде беріп, қоштасты. Екі жастың бір-біріне деген са- ғынышы мен нәзік сезімін жеткізуге асыққан көк конвертті сәлем-хаттар арада екі жыл жүрді.


* * *


Сол бір жылдардың қызық бір оқиғасын Шахмарданның өзі былай баяндайтын:



  • Жезқазғанда геологиялық-барлау экспедициясында мамандығыма байланысты геолог, соңынан бас геолог бо- лып қызмет атқардым. Бұл жылдар мен үшін кәсібіи маман- дығыма қоса халқымыздың тарихына куә болған Ұлытау өңі- рінің елі, халқымен жақын таныстым. Көнекөз қариялармен сөйлестім, қызықты әңгімелер болса, қағазға түртіп қоюды да ұмытпадым. Сондай бір кездескен қариям Асан деген ақ- сақал еді. Жасының ұлғайғанына қарамастан ұзақ жыл шар- уашылықтың жылқысын бағып, балаларына бас-көз болып отырған, қонақжай, еліне қадірменді қария еді.

Үйленбеген кезім, апам екеуміз тұрамыз. Қол боста Асан ақсақалдың үйіне барып, әңгіме-дүкен құрып, бір сер- гіп қайтқанды екеуміз де ұнатамыз. Біздің экспедицияның жігіттерімен де жақсы болды. Аң аулап, олжалы болса Асан ақсақалмен бөлісуді ұмытпайтын. Үлкен бір сыйластықта болдық.


Күзгі уақыт. Бір күні үйге кештетіп келсем, апам көңілді, қазан қайнап жатыр. Жас жылқы етінің иісі мұрынды жара- ды. Апам:



  • Шешін, тамақ та дайын болып қалды, – деп, бәйек бо- луда.
  • Апа, бұл ет қайдан келді? – деп сұрадым.

Апам экспедицияның жігіттері жарты қой мен жылқының етін әкеліп беріп кеткенін айтты.


Ойланып отырдым да, бір түсініксіз жәйттің болғанын аңғардым. Күн жексенбі болғандықтан жігіттердің аңға шық- қанын ұқтым...


Тездетіп киіндім де, кеңсеге барып, барлық аңға шық- қан жігіттерді жинап алып, не болғанын сұрадым. Олар қа- раңғы түнде байқамай бір жылқыны киік деп атып алып- ты. Далаға тастап кетпейді ғой, ақылдаса келіп, иесін тауып,


 


құнын беретін болып, етін бөліп алады ғой баяғы. Маған да сыбағамды беріпті.


Жігіттерге біраз ренжіп, ұят жасағандықтарын саналары- на жеткізіп, жылқының құнын жинап, «аңшыларды» алып, Асан ақсақалға кешірім сұрауға келдік. Ақсақал ойында түк жоқ, ақ көңілмен аңқылдап қарсы алып жатыр. Сол екі орта- да әйелі қазан да көтеріп қойыпты.


Бірден қылмысымызды айта алмай, ақсақалмен біраз әдеттегідей әңгіме шерттік. Осы өңірдің шежіресін сұрап, тағы да талай тарихтың басын қайырдық. Жағдайды, менің жігіттерім бұлдірген істі біледі-ау деп топшыладым. Тамақ ішіліп, рұқсат сұрайтын кезде:



  • Асеке, мына менің жігіттерім бір ұятты, атымызға кір келтіретін жұмыс жасапты. Сіздің бір жылқыңызды қараңғы түнде байқамай атып алыпты. Сол айыбымызды мойындап, кешірім сұрауға келіп отырмыз, – дедім.

Асекең ақсақалдығына сән берген шоқша сақалын та- рамдап сыйпап отырып:



  • Шахмардан шырағым, соны да әңгіме етіп отырсың ба?

«Сырты түк, іші боқ» бір малда тұрған не бар? Сендер түздің арыстанысыңдар, халық игілігі үшін жасап жатқан еңбектерің білген адамға ұлан-ғайыр. Әдейі атпаған болар, бір жолға жі- гіттердің сағын сен де, мен де сындырмайық, – деп, осымен әң- гімені доғарайық дегендей маған тіктеп бір қарады да, – Ал, інілерім, маған пұлдың қажеті жоқ. Сендер бердіңдер, мен ал- дым. Ескеріп, осынымыз жөнсіз болды-ау деп келгендеріңе тәуба, келмесеңдер не етер едім, рахмет!, – деп аяқтады.


Біз мойнымыздан ауыр жүк түскендей қалашығымызға қайттық.


Бір апта өткен соң апам екеуміз Асекеңнің үйіне қайта бардық. Өзіне костюм, жеңгейге көйлек, балаларына да сый- лық алдық. Асекең баяғы қалпы, жарқырап қарсы алып, тө- ріне шығарып жатыр.


Осылай талай жыл аралас-құралас болдық.


Кейіннен біз Алматыға көштік, бірақ барыс-келісімізді үзген жоқпыз.


* * *


Осы тұста біз әңгіме бағытын кері бұрып, басында сөз еткен жәйттерге кері оралмақпыз. Шахмарданның ата мен


 


анасын, өзінің жеке басын әңгімеге арқау етпекпіз. Әйтпе- се, кейіпкеріміз жұмыстан басқаны білмейтін, адами құнды- лықтары белгісіз біреу болып шығуы мүмкін. Онда біз әуелі Адам, сосын Азамат, кейіннен ғалым-академик Есенов Шах- мардан шындығынан ауытқып, жалғандыққа ұрынамыз, оның толық «портретін» жасамаған боламыз...


Содан, келер – 1951-жылы әкесі Жорабектің асын өт- кізіп, ел-жұрттың ризалығын алып, Шахмардан анасы Шәри- паны Жезқазғанға көшіріп әкетті. Бар ана қайда барса да, ба- ласы қасында болса риза-ау. Сол сияқты Шәрипа ана да «бұл жер ұнамайды, туысқандарым алыста қалды, немесе, күні суық екен....» демей, жалғызы Шахмарданының соңынан еріп, бұрын көрмеген-білмеген, туысты былай қойғанда, жәй тамыр-танысы да жоқ елге ренжімей-ақ келді. Таңертең бала- сын жұмысқа шығарып салып, кешкісін күтіп алып, тіршілік ете берді. Жақсыда жаттық жоқ, тез арада көрші-қолаңмен де танысып, қыпшақ рулы қайнаға-қайындарын, келіндерін та- уып алды. «Қазақи дәстүр! Сен қандай жақсысың!» дегің ке- леді осындайда. Осылай адами араласудан, бірін-бірі құрмет тұтудан артық не бар екен?!


Ара-арасында Шахмарданның курстас достары Дала- бай, Темеш, Ғазиз, жұбайлары Шара, Ғазиза, Сара бала-шаға- ларымен келіп, үйдің ішін базар етіп, у-шуға бөлеп кетеді. Мұндайда Шәрипа апада ес қалмайды, барын солардың ау- зына тосып, осындай келін мен немерелердің осы шаңыраққа келуін ырымдап, бір жаратушыдан тілейді. Бәрінің арманы бір арман – осы үйге келін түсіріп, Шәрипа аналарын ыдыс- аяқтан босату. Жасы ұлғайған сайын бітпейтін үй шаруасы шаршатып, қажытып жүргенін бәрі де сезеді.


Не керек, 1952 жылдың жазы да келді. Бұл кезде Кәмила қыз педагогика институтын бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі атанған-ды. Демалыс алып Шахмардан анасы екеуі әуелі Шие- ліге жетті. Ондағы жақын-жуық ағайынмен ақылдасып, Қы- зылорданы бетке алды. Мақсаттары Кәмила қызға құда тү- сіп, Жезқазғанға ұзатып алып кету.


«Сексен жылқы, сегіз нар – жасаулы қыздың қалыңы...»



  • дейтін заман ба ол бір. Соғыстан кейінгі жылдар, елдің қа- рыны енді-енді тойынып, киімінің әлі бүтінделе қоймаған кезі емес пе?! Кәмиланың әкесі мен анасы бір жылда, Кәми- ланың он жасында қайтыс болып, әпкесі Ақілгек тәрбиелеп-

 


өсірді. Қатарынан кем етпеді. Енді сол әпкесі мен жездесі ел қатарлы көрші-қолаңның басын қосып, сол кездің жағ- дайына орай ұзату тойын жасап, көңілдері жарасқан екі жас- ты Жезқазғанға шығарып салды.


Ал, Жезқазғанда оларды достары асыға күтіп, келін түсі- рудің салтанатын сол кездің заманына лайықтап, «көрпеге қа- рай көсілген» той жасады. Жас келіннің беті ашылды, доста- ры әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй тартып дегендейін, не керек бір қызықты жиын өткізді. Осылай Жезқазған өңіріне тағы бір жас отау шаңырақ көтеріп, уығын шаншып, кере- гесін керді...


Сүйіктісін қасына алып, көңілі жайланған Шахмардан геологиясына бар ынта-ықыласымен кірісті. Институтта оқы- ғандай емес, мұнда мәселе күрделі екенін көрді. Өзіне дейін- гі барлау барысын, анықталған кен байлықтарының шеті мен шекарасын байқастап қараса, ол бүгінгі белгілі боп отырғаннан әлдеқайда көп екен. Ғылыми зерттеулер, ара-жігін анықтайтын талдаулар жасады, өз ұстазы Қаныш Сәтбаев еңбектерін қай- та қарап, сосын Н.Г. Кассин, М.А. Усов еңбектерін оқыды. Жұ- мыс барысында алдынан шешілуін күтіп тұрған талай пробле- малар шықты. Ең әуелі Жезқазғанда белгілі болған кен бай- лықтарының таралу шекарасын қайта қарап, кеңейту керек-ті. Шекараны кеңітсе бұрынғы анық болған кен байлығы 3-4 есе көбейеді. Бұны игерсе, ел ырысы да асады деген сөз.


Бір жолы іс сапармен Жезқазғанға келген Қаныш Сәт- баевқа көптен ойында жүрген идеясының шет жағасын ай- тып еді:



  • Батыр-ау, мынауың мықты дүние ғой. Тездетіп карта- сын сыз, дәлелдеріңді мықта. Мәскеудің кірпияз ғалымдары мен академиктері, геологтары алдында бұны дәлелдеу керек, мойындату қажет, –деп, шын қуанғаннан қауқылдап қалды.
  • Жобасын сызып қойғанбыз, дәлелдеріміз де мықты. Сізбен ақылдасып алайық деп... жөн-жобасын қарап бер- сеңіз, – деп, дайындап отырған карта жобасын ғалым алды- на жая қойды. Қаныш, Шахмардан және бір топ геолог, бәрі жайылған картаға төне түсіп, шұқшия қарап тұрды...
  • Біз сызған картадан мынау, әрине, ауқымды. Біздер оны қашан жасадық, отызыншы жылдардың ішінде ғой дей- мін. Одан бері қаншама кен орындары табылып, ауқымы кеңейіп кетті емес пе?! Дұрыс, дұрыс. Мыналарың мықты

 


жаңалық болғалы тұр. Тек бұған Мәскеулік ғалымдардың, басшылардың көзін жеткізу керек. Шахмардан, мен Алма- тыға барысымен тиісті мекеме, министрліктерге хат жаза- мын, ақылдасамын, келіңдер деп жатса дайын бол, – деді Сәтбаев.



  • Әрине, дайын боламыз. Бүгіннен бастап дайындыққа кірісеміз, – деп, әріптестеріне қарап қойды Шахмардан. Сәт- баев қолға алса жақсы нәтижемен бітетініне сенімді адамдай нық сөйлеп. Ал, Сәтбаев болса шын мәнінде жас Шахмардан- ның белсенді, ізденгіш талабына іштей сүйсініп тұр еді.

Кез келген жаңалықтың бірден өмірге сіңіп, ғылым «ор- битасына» шыға қоймайтыны, түрлі кедергілер мен қарсы- лықтар болатыны заңды нәрсе. Алматыға келісімен Сәтбаев Мәскеудегі тиісті министрліктер мен Ғылым Академиясы- на жаңа идеяның мәні мен мазмұнын түсіндіріп хат жазды. Бір-екі академикпен де сөйлесті. Кешікпей әбден жаттан- ды болған: «келсін, дәлелдесін» деген, тілдей жауап та кел- ді. Оның артынан «тез жетсін, кезегі келіп тұрған жиында тыңдап көрейік» деген телеграмма да келді. Бұл кезде Шах- мардан қаладан екі жүз шақырым қашықтықта экспедиция- да жүрген. «Самолетке үлгерсін!» деген қосымша хабар та- ғы келді. Мәскеуге Жезқазғаннан самолет аптасына бір-ақ рет ұшады. Амал жоқ, жету керек. Ыңыранған «Газ-51» мә- шинесімен 200 шақырымды алты-жеті сағат жүріп, зорға дегенде қалаға да жетті. Жол-жөнекей конторға кіріп қағаз- дарын, жол қаражатын алып, ұшқалы тұрған самолетке әрең үлгерді. Үйге соғып, киім ауыстыруға уақыт қалмады, бірақ Шахмардан оған ренжи қойған жоқ. Ең бастысы самолетке үлгергеніне қуанды. Аяқтағы керзі етіктің шаңын қағып, шал- бардың балағын қонышына тығып, үстіндегі фуфайкасын қаусыра түймелеп, Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуге келді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де Шахмардан шындығы осы. Әрине, дәл бүгін бұған сену қиын...


Ертеңіне осы түр-тұрпатымен Ғылым Академиясы мен Геология министрлігі өткізіп жатқан жиналысқа келді. Со- ғыстан кейінгі жылдар ғой, алтынға оранып, күміске көміліп жүрген ешкім жоқ, бірақ, тап-таза, тап-тұйнақтай ғалымдар ортасы. Керзі етік, фуфайкамен жүргені жоқ. Шахмарданға


«қайдан келген азиат?» дегендей таңдана қарайды. Ығатын Шахмардан емес, алшаңдап басып, шалқақ жүр. Ойында мы-


 


на отырған тәкаппар ойшыл-ғалымдарға жаңалығын жайып салып, идеясын мойындату. Ойын жинақтап, тұжырымын пысықтап қояды.


Дабыр-дұбыр басылып, жиын басталып та кетті. Мәселе көп, сөйлеушілер одан да көп. Кезек Есенов Шахмарданға келді. Бір кезде иығы қақпақтай, алып тұлғалы, ақсары жігіт трибунаға көтерілді. Көп адамға бұл көрініс ұнамады, әрине, киім киісі. Түйелі қойшыдай өңкиіп шыға келгенде кейбір жеңілтек мінезділер жырқылдап күліп те жатты. Шахмардан олардың мысқылына пысқырған да жоқ, өз жөнімен, аспай- саспай сабырмен сөзін бастады.


Орыс тілін өз мәйегінде, ешқандай бұрмалап, бұлтыңға салмай тап-таза сөйлей жөнелгенде зал бірден тына қады. Әуелі Қазақстан жеріндегі кен байлығына қысқаша тоқталып қана, негізгі айтпағына көшті. Кен байлықтарын түсіріп кел- ген картасын іліп, қайсысы қалай орналасқан, қай қабатта қалай жатыр, шегара-шеті қайда... дегендерді айта келіп, өн- діру үшін кешенді түрде қазу керектігін, бір біріне араласа, қапталдаса орналасқан кенді ажыратып алу маңызды екенін баса айтты. Сонда өнім 3-4 есе өсетінін нықтап, нығарлап, міндеттілерге діттеп айтты. Мамандар мен ғалымдарға жаңа идея ұнаған іспетті. Тырп етпей тыңдауларына қарағанда үміт бар, ишаралары соған саяды. Сөзінің соңын Шахмардан:


 


Науки юношей питают, Отраду старым подают,


В счастливой жизни украшают, В несчастный случай берегут; В домашних трудностях утеха


И в дальних странствиях не помеха. Науки пользуют везде:


Среди народов и в пустыне, В градском шуму и наедине, В покое сладкой и в труде... –


 


деп, бітірді.


«Бұны айтқан мен емес, ұлы Ломоносов» деді мінбер- ден түсіп бара жатып. Сол-ақ екен зал іші дүр ете түсті. Қол соғылып жатыр. Зиялы қауым, ғылыми орта бір сөзбен айт- қанда жас жігіттің талабына да, талантына да тәнті болды.


 


Қол соғуларын тоқтатпай қойған соң жиналысты жүргізіп отырған адам: «тоқтаңыздар, тоқтаңыздар, концертте отыр- ған жоқсыздар ғой, бұл ғылыми кеңес!» деп, әрең дегенде да- мылдатты. Ақырында, Есенов Шахмарданның бұл ғылыми жаңалығы Мәскеу ғалымдарынан қолдау тауып, Жезқазған кенінің «жаңа картасы» жасалатын болды. Жасалынды да. Бұл жаңалық «Жезқазған типтес кен орындары», «Жезқаз- ған әдісі» аталынып, барша Кеңес Одағында геология ғылы- мының айналымына түсті.


Геолог-барлаушы, инженер жас Шахмарданның Жезқаз- ған жеріндегі алғашқы үлкен жетістіктері мен жеңістері, мі- не, осылай басталып еді...


Жезқазғанда алғаш рет жер қойнында жатқан байлықты бұрынғы таптаурын болған әдіспен емес, ендігі жерде жаңа технологиялық әдіс – бұрғылауды бір-біріне қапталдата ор- натып, бұрынғыдай біреу-екеу мұнара емес, қатар-қатар кен мұнарасын тұрғызып, байлықты түптеп, ауқымын кеңейтіп іздеу қолға алынды. Бұл өте тиімді әдіс болып, кен байлығын өндіру Жезқазған жерінде жедел өсті. Нәтижесінде Сарыарқа төсінен Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Айран- бай, Талдыбұлақ, Жартас мыс кеніштері және Жыланды, Қу- мола көгілдір асбест... теңдесі жоқ кен орындары ашылды.


Жезқазған жеріндегі Шахмарданның айтарлықтай атқар- ған бір ісі – жер асты теңіз көзін тауып, ауыз сумен халықты қамтамасыз ету болды.


Айналасында гүрілдеп аққан өзен мен көгілдір көлі бол- маған соң Жезқазған тұрғындары мен өндіріс орындары су- дың тақсіретін тартып отырғалы талай жыл. Сусыз өмір өмір ме? Жер бетіндегі тіршіліктің өзі су ішінде басталмап па еді?! Олай болса халықты бұлай қинауға болмас, су көзін табу керек деп Шахмардан геологтарына жаңа мақсат қойды. Жері таулы-қыратты Ұлытауды айнала ағып жатқан жылғалы бұлақ аз емес. Ғылымға жүгінсек мұндай аймақта жер ас- ты су көзінің болмауы мүмкін емес, тек таба білу керек. Бұл мәселе геологтар алдына бұдан бұрын да талай қойылған. Бірақ, үнемі бастауын бастағанмен, аяқсыз қалып, кейін- ге шегеріле берді. Енді, шегіне жеткен су проблемасы ше- гінерге жер қалдырмай тұр. Жезқазғанда өндіріс ошақтары көбейді, қала өсті, халық көбейді. Суға деген мұқтаждық өсті. Мұқтаждықты жоюдың жолы – жер асты көлдер көзін


 


табу. Осындай сауапты да, салиқалы міндет Шахмардан экс- педициясына жүктелді. Тапсырманың маңыздылығын түсін- ген олар оны орындауға құлшына кірісті.


Жер асты суын айлап, жылдап іздеді. Ғылыми тұжырым- дарға сүйенді, халық сөзіне құлақ түріп, ескі, көзі жабылып қал- ған бұлақ пен өзен табандарын іздеді. Не керек, күндердің бір күнінде Жанай мен Айдос мекенінен тап-таза, мөп-мөлдір су аспанға атқылады. Ойхой, ол күнгі жезқазғандықтардың қуа- нышында шек болған жоқ. Шахмардан бастаған геологтарға айтылып жатқан алғыс пен марапатта шек болсайшы. Енді қайтсін, өмір бойы суға жарымай келгендер. Артынша жер- жерге құбыр тартылып, көп қабатты үйлерге алғаш су кір- гізілді, өмір гүлденіп, тіршілік мәнденіп қалды. Рудниктер мен көптеген шахталар суға «тойып», халық бау-бақша са- лып, көкке ауыздары тиді. Осы еңбегін бағалап оған «Жанай мен Айдостан су көзін тапқан Бас геолог» деген диплом бер- ді. Бұл марапаттың жас Шахмарданға берген күш-қайраты аз болған жоқ. Іштей «халықтан алған алғысқа ештеңе жет- пейді» деп, марқайып қалған-ды.


Шахмардан Жезқазған мен Ұлытау арасын, тораңғысы толған дала мен ақселеуі желкілдеген кер жазықты оңды- солды кезді, сырын ішіне бүгіп жатқан жер қабатын зерт- теді, көңіл көзін жүгіртті. Жастың талабын көрген, белсен- ділігін байқаған, біліміне сенген басшылар оны аз уақытта отряд геологы қызметінен аға геолог қызметіне көтерді. Бар- лау жұмысының көп сырларына қанықты. Институтта жақсы оқыған ол «бәрін білемін» деп жүргені бекер, кітап теория- сынан дала «теориясы» жұмбақтау, кей тұста алшақтау еке- нін түсінді.


Біртіндеп-біртіндеп Шахмардан алдынан геологиялық барлаудың түрлі проблемалары шыға бастады. Шешуге ұм- тылды, бастамашы болды. Ол Жезқазған кенді аймағының ірі масштабты геологиялық болжау картасы сызылып, он- да мыс, қорғасын және мырыш рудалары таралған аудан- дардың шекаралары айқындалып, олардың таралу геогра- фиясы бұрын белгілі болған кенді аймақтан да сыртқары жатқаны анықталды. Осыған орай Шахмардан тың ойларын ұстазы Қаныш Сәтбаевқа айтып, ақылдаса келіп Мәскеу мен Алматының тиісті министрліктерінің алдына мәселе етіп қойды.


 


Бұл істің мән-жайын жақсы білетін академиктер С.М. Қо- жахметов пен Х.А. Беспаев былай дейді:


«Алғашқыда отряд геологы қызметінен бастаған ол аз уақыттың ішінде аға геолог дәрежесіне дейін көтеріліп, көп кешікпей экспедицияның бас геологы, ал, 1957 жылдан бастап Қазақстан және сол кездегі Одаққа белгілі аса ірі Жезқазған кешенді геологиялық экспедициясының бас инже­ нері қызметін атқарды.


Ұлытау­Жезқазған өңірінде жүргізілген геологиялық жұ­ мыстарды Ш. Есенов 11 жыл бойы үзбей басқарып, мыс, түсті металдардың республика бойынша аса ірі шикізат қорын жасауға үлкен ықпал етті. Оның тікелей инициати­ васы және басшылығымен 50­ші жылдарда Жезқазған кен­ ді аймағының ірі масштабты геологиялық болжау карта­ сы сызылып, онда мыс, қорғасын және мырыш рудалары та­ ралған аудандардың шекаралары айқындалып, олардың та­ ралу географиясының кенді аймақтың территориясынан да сыртқары жатқаны белгілі болды.


Міне, осы болжамға қарап, сол кезде Жезқазғанның ай­ қындалған қорын 3­4 есе ұлғайтуға болатындығы жайында тың идея туды. Келешегі жоғары саналатын аудандарда қолда бар күшпен жан­жақты толық бұрғы салып барлау жұмысын жүргізу мүмкін де емес еді, әрі көп уақытқа созы­ латыны белгілі. Осыған орай перспективасы жоғары аудан­ дарды небәрі 10 жылдың ішінде барлау үшін Шахмардан Есе­ нов экспедицияның басқа да басшыларымен келісе отырып, бұрғылау жұмысының көлемін (бұрғылау техникасын) 5 есе арттыру мәселесін алға қойды. Осындай батыл ұсынысты Қазақ ССР Ғылым Академиясы (Қ.И. Сәтбаев) мен Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі қолдады. Қуатты бұрғылау техникасын, 100­ден артық бұрғылау агрегатта­ рын пайдалану Жезқазғандағы мүмкіншілікті барынша арт­ тырды, сонымен бірге 60­шы жылдардың басында Ш. Есе­ нов басқарған геологтардың болжауы таңқаларлық дәлдік­ пен анықталды. Бұл Жезқазғанның сол кездегі қорын 2,5­3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді, оны кейінгі жылдарда кен орындарында жүргізілген бас есептеу нәтижесі көрсетті. Осы кезеңде Жыланды мыс кендерінде (Итауыз, Сарыоба, Қа­ рашажақ, Қыпшақбай, Айранбай, Талдыбұлақ, Жартас,т. б.) барлау жұмыстары жүргізіліп, олардың болашағы ай­


 


қындалды. Осындай аса ірі көлемде жүргізілген жұмыста­ рының нәтижесі үшін «Ш. Есенов кен орындарын алғаш ашушы» деген дипломын алды.


Шахмардан Жорабекұлы өзінің Жезқазған өңірінде жа­ саған қызметі кезінде мыс кен орындарын барлау және ба­ ғалау жұмыстарымен ғана айналысып қойған жоқ, сол сияқты басқа да металлдар кен көздерін ашуға барынша ат салысты: кендіртас, марганец, полиметалл, никель, ко­ бальт, темір, тағы басқа да металдар қорларын айқын­ дады. Осы кезде ол үлкен әрі бағалы жаңалық ашты: кен орындарына жан­жақты тексеру және барлау жұмыс­ тарын өзі арнайы жасаған әдістемесі бойынша жүргізді. Осы әдіс бойынша аса ірі, стратегиялық маңызы жоғары родусит­кендір тасы бар Қумола кенін анықтады. Еліміз­ де оны «Жезқазған түрі» деп атады. Айта кететін бір жәйт Ш. Есенов жүргізген кен орындарының барлау және бағалау әдісі сол кезде қолданылып жүрген құжаттардың нормасы мен талаптарына мүлде кереғар болатын, бірақ жаңа әдістеменің уақытты тиімді пайдаланып, үлкен эко­ номикалық жетістіктерге жол ашатыны белгілі болды. Осындай жаңа барлау әдістемесінің кен орындарын барлау және бағалауда бұрыннан қолданылып жүрген құжаттар талаптарына қайшылығына қарамастан Қумола өңіріндегі кендіртас кен орындарының жаңа әдіспен есептелген қоры СССР Мемлекеттік Қор комиссиясында бекітілді. Осылай родусит­кендіртас кен орны өте қысқа мерзім ішінде пай­ далануға беріліп, Шахмардан Жорабекұлының әдістемесі Одақтық геология салалары бойынша негізгі құжат болып қабылданды...


Көп жылғы қажырлы еңбегі және аса білікті инженер­ лік қызметі, кенді аймақтың байлығын ашу бағытында жан­ жақты кең ауқымды және кешенді жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары, минералды ресурстарды тездетіп іске қосу, игеру, басқа да көптеген кезегін күтіп тұрған проблема­ ларды дер кезінде шешуі – ол үшін тамаша өмір мектебі бол­ ды. Практикалық жұмыста жинақтаған бай тәжірибесін, терең ғылыми білімін және ұйымдастырушылық талантын Ш. Есенов кейінгі жылдардағы лауазымды қызметтерінде де толық пайдалана білді...»


 


* * *


Зымыран уақыт бір сәтке артына қарайлап тоқтасайшы. Жоқ, оның тоқтауға мүмкіндігі жоқ. Табиғат заңы солай. Сол заңмен ол өз шығырында шыр айнала береді. Шахмар- дан: «Барлау... Ұлытау... Жезді... алтын, күміс, мыс, жез...» деп жүргенде біраз жылдардың өтіп те кеткенін байқамапты. Бұл кезде Кәмила мектепте оқу ісінің меңгерушісі бола- тын. Шәрипа ана тұңғыш немересі Шайзаданы бауырына ба- сып, қызық көрген кезі. Ендігі тілегі жалғызымның ізін жал- ғайтын бір ер бала болса деп армандап, іштей тілейді. Жара- тушы көп ұзамай Шәрипаның тілегін берді, екінші немере- сі ұл болып, атын ырымдап, мақсатты, мұратты болсын деп


«Мақсұтбек» қойды. Оның соңынан Ескендірбек, Сұлтанбек келді өмірге.


Сол бір жылдардың естелігін Кәмила апайдың аузынан естігіміз келіп, әңгімеге тарттық. «Е, несін сұрайсың, қал- қам...» деп, жеңіл ғана күрсініп алды да:



  • Шахаң, «Өтті де кетті-ау қайран бір, көктемгі тасқын суындай» деп, Тургенов өлеңін соңғы жылдары жиі еске алып, айтып отыратын. Сол секілді бәрі де өтті де кетті ғой. Өткен өмірге өкінуге хақым жоқ, тек Батырдың өмірден ер- телеу кеткені болмаса.., – деді, көңілі жабырқап. Біз «Ба- тырым» деп кімді айтып отыр екен деп, енді сұрақ қоя бер- генімізде: – Бәрі түсінікті болу үшін әңгімені басынан бас- тайын, қалқам. Біз де жас болдық, біз де ғашық болдық, Батыр сөзіне де, ісіне де берік жігіт екенін дәлелдеп, мен инс- титутты бітіргенше күтті, ақырында үй болдық, балалы-ша- ғалы болдық.

Олар төрт жігіт: Темеш, Ғазиз, Далабай, Батыр (Шахмар- дан) Алматының Кен-металлургия институтын бір жылда бі- тіріп Жезқазғанға бірге келді. Айналайын, сен мені дұрыс түсін, тіршілікте бақырайтып-бадырайтып «Шахмардан!» деп атамай «Батырым» деп кетіп едім. Көзі жоқ болса да со- лай атаймын әлі. Оның сыры мынадай. Жаңадан келін бо- лып түсіп, жат ортаға енді-енді үйреніп келе жатқан кезім. Әлгі төрт дос, байқастап қарасам, бірін-бірі «Батыр» деп атай- ды екен. Қандай жақсы. Қазақ айтпай ма, «Өсер елдің бала- сы бірін бірі батыр дер, өспес елдің баласы бірін бірі қатын дер» деп. Олардың бір-біріне деген мұндай ілтипаты ма- ған қатты ұнады. Өсер елдің ұлдарын көргендей қуандым.


 


Қарасам олардың әйелдері де ерлерінің есімін атамай бәрі


«Батыр» дейді екен. Бізден басқалары үйлі-баранды, бала- лы-шағалы болып қойған. Содан мен де Шахаңды «Батыр» деуге көштім. Бір қызығы, «Батыр» деп атау екеуміздің ара- мызда біржола қалып қойды. Шынында да Шахаң «Батыр» деген атқа ылайық еді. Бойы да, ойы да сай азамат еді-ау...


Несін сұрайсың, ол жылдар біздің өміріміздің ең бір тәтті, қызықты кезеңі. Қызық. Бірде олардың бір жолдасы брезент туфли сатып алыпты. Тапшылық кез ғой, теріден тігілген туфлиге ақша қайда. Содан оған Батырлар жу да, жу деп қоймайды ғой баяғы. Таңертең қарасам әлгі жігіт бре- зент туфлиін арықтың суына жуып отыр. Маған: «Кәмилаш, сенің Батырларың оңбайды... қарашы, кеше ғана алған бре- зент туфлимді батпаққа батырып... «жаңа затты жуу ке- рек» деп, қояр да қоймай жуғызды, алған бағасынан үш есе асып түсті. Солай да бола ма, Кәмилаш!... Кожынный бол- са өкінбес едім ғой...әй, бұл батырлар ма, батырлар...» деп қойып, өзі шиқ-шиқ күледі.


Жас адамның әр күні қызыққа толы болады екен. Есейе келе ғой, балалар өсіп, түрлі проблемалардың шығатыны. Біздің жастық шағымыз бәрінен де қызық болған секілді. Әр- қайсымыздың соңымызда екі-үш баладан, не керек «құстың базары» сияқты улап-шулап бір-біріміздің туған күнімізді, мерекелерді бірге өткіземіз. Әсіресе, «Батырларымыздың» бір-біріне деген достығы мықты болды, қайда барса да жұп- тарын жазбай, төрт жігіт қатар жүретін. Олар отырған той- жиын, отырыс қызықты, думанды өтетін, Батырлар ән де ай- татын, биді де билейтін. Қалжыңды қандай әдемі айтушы еді. Әйтеуір, жатқан бір қыран-топан күлкі болатын. Шір- кін-ай, десеңші, Абай айтпай ма, «бұл өмір қызығыңды біл- дірмей ұрлайды» деп. Ақыры солай болды.


Қалқам-ай, айтып-айтпай не керек, төртеуі де дарын- ды, өз істерін жетік білетін мықты маман, қызметтеріне бел- сенді, берік болды. Соның нәтижесі шығар, мысалы, Темеш (Садуақасов) көптеген шахтаның бас инженері, басқарма бас- тығы болды. Жезқазған қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, сосын, Орталық Комитетте ауыр өнеркәсіп бөлім бастығының орынбасары, бір жылдары Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы, Түсті металдар министрлігінде министрдің орынбасары қызметін атқарды. Сол қызметтен


 


зейнеткерлікке шықты. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен үш рет марапатталды.


Ал, Ғазиз Омаров сол өңірдің тумасы ғой. Қызметті смена бастығы, сосын бас инженер болды, шахта басқарма- сының бастығы, «Жезқазғанкенбайыту» басқармасында пар- тия комитетінің хатшысы, ал, 1966 жылы жаңадан «Жезқаз- ғаншахтапроходка» тресі құрылып, сонда басқарма бастығы болды. Сол қызметте 21 жыл істеп, зейнеткерлікке шықты. Кейіннен «Қазақмыс» болып құрылған кезде тау-кен мәсе- лесі бойынша корпорация президентінің кеңесшісі қызме- тін атқарды. Оның көп жылғы жиған тәжірибесі мен білімін жаңа басшылар пайдалана білді. Көптеген орден, медалдар- мен марапатталды, Социалистік Еңбек Ері атанды.


Тау-кен саласында маркшейдер деген мамандық бар. Далабай Ешпанов еңбек жолын сол мамандықтан бастады. Бірақ бұл жерден оны атақты кенші Байқоңыров бір шахтаға учаске бастығы, сосын бас инженер етіп жіберді. Себебі, сол кезде жаңадан табылған бір әдісті, тәсілді кен байыту жұмысына тез енгізу керек болып, бұл міндетті Далабай ой- дағыдай орындап шықты. Бұдан кейін оны Шығыстағы «Түс- тіметаллкенбайыту» комбинатына директор етіп жіберді. Ол «Жезқазғанкенбайыту» басқармасында бас инженер, Ақ- шатау кен-металлургия, Балқаш кен-металлургия комбинат- тарында директор болды. Далабай КСРО Мемлекеттік сый- лығының лауреаты атанды, Қазақстанның Еңбек сіңірген кеншісі деген де атағы бар.


Ал, Шахаңды білесіз, сол кездің ең жоғары марапат- тарының бірі – Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Кей- де ойланып отырамын да, біздің жігіттеріміз қандай мықты болған, батыр десе батыр екен-ау өздері деп қоямын. Тау- кен мамандығының нағыз майталмандары бола білді төртеуі де. Бүгінде балаларыма, немерелеріме айтып отырамын. Бә- рі де әруаққа айналып кетті. Жатқан жерлері жайлы болсын, жарықтықтардың...


...Төрт баламыз да сол Жезқазғанда дүниеге келді. Ол жақтың қысы қатты ғой. Бұрғылау станоктары қатып қал- масын деп Батыр түнде бір аралап келетін. Даладағы аяз- дан үсті-басы аппақ қырау-қырау болып үйге кіріп келген- де балалары: «Аяз ата келді, аяз ата келді!» деп, алдынан шұрқырай шығатын, мәз болатын. Дәл осындай сәттерде


 


Батыр мен анасы өздерін ең бақытты жандардай сезінетін. Оларға қарап менің де жүрегім қуанышқа толатын. Апам жа- рықтық «тәубасын» тауысқан емес, өмір бойы жалғыз ұлы- ның, немерелерінің тілеуін тілеумен өтті. Баласы жалғыз болып, баланың кемдігін көргеннен болар деп ұғатынмын. Өзі жалғыз өскен соң ба, білмеймін, Батыр балаларын өте жақсы көрді, бірақ беталды еркелетпеді. «Өмірге әкелдік пе, жақсылап тәрбиелейік, Батыр» деп, қатты айтсам рен- жіп қала ма дегендей ойын еркелете тұрып жеткізетін маған. Пейілін түсіндім де, балалардың басы көбейген соң мектеп- тегі оқу ісінің меңгерушілігі қызметімді қоя қойып, үй ша- руасымен айналыстым, анамызға қарадым. Батырдың ана- сы алтын адам еді, жалғыз баламның әйелі ғой деді ме, біл- меймін, еш ренжіп, бетіме келген емес. Айтар ақылын аялап, жұмсартып қана жеткізетін. Бір үйдің қызындай тату-тәтті өмір сүрдік...


Мына бір оқиға дәл кешегідей көз алдымда тұрады да қояды. Ер баламыз Мақсұтбек өмірге келгенде апам да, Ба- тыр да қатты қуанды. Түсінікті ғой. Біреуінің баласы жалғыз, біреуінің өзі жалғыз. Тіршіліктің жалғасы келгендей қатты қуанды. Бір күні Батыр жұмыстан келе сала:



  • Апа, Жорабектің ұрпағын жалғастыратын Мақсұтбек деген ұлды дүниеге әкелген келініңізге сый-сияпат жасауға рұқсат етіңізші, – деді, дәу тұлғасын қайда тығарын біл- мей, еңкейіп, анасына жалт-жұлт қарап, балаша еркелеп. Ол кісі не болғалы тұрғанын аса түсінбесе де, әйтеуір, «рұқ- сат, рұқсат, құлыным!» деп жатыр. Бір кезде Батыр қал- тасынан алтын сағат алып менің қолыма тақты, шифон матаны иығыма жапты. Кімнің әйелі ұл бала таппай жа- тыр дейсің, қалқам! Батыр өзінің жалғыздығын кей-кей- де сезініп, соғыстан оралмаған ағасы Шахызаданды есіне алып, мұңайып қалатын. Мақсұтбекті өзіне серік, таяныш бо- латын болды-ау деп қуанған түрі ғой. Мен апамнан ыңғай- сызданып, көйлекті Сіз киіңіз деп жатырмын.., – деді де Кә- мила апай үнсіз отырып қалды. Біз бұл үнсіздікті бұза ал- мадық. Салықов Кәкімбек ағамыз айтпай ма, «өмір кездесу мен қоштасудан тұрады, ал, оның арасын жалғап тұратын сағыныш деген асыл бір сезім бар» деп. Кәмила апайдың Ба- тырына деген бүгінгі сарғайған сағынышы сол күндерге бас- тап әкеткенін сездік те, үндемедік. Бір кезде өз-өзіне келіп:

 



  • Содан біздер, Жезқазғанда бас-аяғы 11 жыл тұрып, жора жолдас, дос, ағайын-туыс тауып, Алматыға оралдық. Себебі, 1960 жылы Қазақстан Геология министрінің орынбасары бо- лып тағайындалды Батыр...».

* * *


Елуінші жылдардың аяғында Есенов Шахмардан есімі Жезқазған өңірінен асып, білгір геолог-барлаушы, геолог-ин- женер ретінде барша Қазақстанға есімі таныла бастады. Қа- шанда ел үшін еткен еңбегіңе баға беріп, бақылап отыратын саяси басшылық қой. Облыс басшыларының қолдауымен, ха- лықтың ілтипатымен ол 1953 жылы Жезқазған аудандық Кеңе- сінің депутаттығына ұсынылды, сайланды. Одан соң 1955 жы- лы Жезқазған қалалық Кеңесінің депутаты, халық қалаулысы атанды. 1959 жылы Шолақтау сайлау округі бойынша депу- таттыққа түсіп, сайланды. Ал, 1960 жылы Бүкілодақтық «Бі- лім» қоғамының мүшесі болу құрметіне ие болды. Не керек, Шахмардан орда бұзар отызына ылайықты белсенді әрекет- терін көрсетіп, өмірге деген жалынды құлшынысын, іскер ұйымдастырушы екенін танытты.


Және Шахмарданды өз ортасынан оздырып тұрған оның білімділігі мен сөзге шешендігі еді. Онымен қай тақырыпта болса да шешіле сөйлесіп, көсіле пікір таластыруға болатын- ды. Онымен жұмыс бабында болсын, жора-жолдастың орта- сында болсын араласу өте қызықты, көңілді және өзіңе сабақ алатындай салиқалы бір әңгіме еститінсің. Мұндай пікірді бізге әріптес, қызметтес болғандар көп айтты. Күн сайын қасында болған жары Кәмила апай айтады ғой: «Шахмар- дан жүрген ортасын, отырған айналасын күлкіге көміп оты- ратын» деп.


Көптің көкейінде қалу үшін, көпке бір нәрсе айту үшін өзің бір нәрсе білуің керек қой. Ал, Шахмарданның шын мә- нінде білері көп еді. Ол әке мен анадан келген зеректік пен алғырлықты біліммен толықтырды. Тағы да Кәмила апай ай- тады:«күнделікті газет-журналдарды, қазақ жазушыларының шығармаларын, шет ел әдебиетін үзбей оқитын» деп. Ой- лап қарасаңыз, бұл оның ішкі жан-дүниесінің сұранысы, сол сұранысты қанағаттандырудан туған жақсы қасиет екен. Әл- кей Марғұлан айтқандай-ақ: «Білеміз! Білген соң айтамыз да». Көп оқыған адамның көп білетіні заңды. Шахмарданның


 


көп оқығанын да, көп біліетінін де оның жазған хаттарынан, жасаған баяндамаларынан, айтқан әңгімелерінен көрдік, кө- зіміз жетті, таныдық.


От басында, жары Кәмиланың қолында Шахмардан аға- ның қолжазба-құжаттары мол. Сол құжаттардың ішінен мы- на бір мақала назар аудартпай қоймады. Геолог ғалым бұл мақаласында Қазақстанның бар байлығын қолмен қойғандай етіп, талдап, таратып, бүгіні мен болашағын болжамайды, нақ айтады. Таң қаламыз, біздің еліміз қандай бай мемлекет деп. Есенов айтқандай: «сондай байлық үстінде отырып біз неге қайыршымыз?» деген сұрақ біздің де көмейімізге келіп кептеле береді. Оқып көріңіз, Сізге де қызықты болады, өзіңіз бұрын біле бермейтін Қазақстанның кен байлықтары жөнінен мағлұмат алып, көзіңіз көп нәрсеге ашылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу