Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
15.02.2022
460
Түлкі мен тиін
Кездесіп қап орманда,
Түлкі айтты:
– Тиін-ау,
Тоқсан тоғыз айлам бар,
Сенің жайың қиын-ау.
Тиін айтты:
– Жайды аңғар,
Жалғыз ғана айлам бар.
Сен сияқты тым ерке
Мен емеспін жайраңдар.
Олар сөйтіп тұрғанда,
Қасқыр жетті бұл маңға.
Тиін талға өрмелеп,
Түлкі қалды тырбаңдап.
Тоқсан тоғыз айлалы
Түлкі бірден жайрады.
Бір айласы Тиіннің
Болып шықты пайдалы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇