13.02.2022
  168


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыз бен балық

Қайраңда қап бір шабақ,
Құйрығымен құм сабап,
Жылжи алмай малтығып,
Жатыр еді алқынып.
Айнат көрші сол шақта,
Ағын суы мол жаққа
Алып барып тастады,
Шабақ жүзе бастады.
Аздан кейін әлденіп,
Шабақ қайта сәнденіп,
Шоршып-шоршып ойнады:
Әйбат қыз», – деп ойлады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу