Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
123
Жыл құстары
Жыл құстары көктемде
Керуендеп келеді.
Күн қызуын төккенде,
Серуендеп келеді.
Оңтүстікте көп жерде
Болғандығын айтады.
Айдын-айдын көлдерге
Қонғандығын айтады.
Тәтті тұрмыс аңсаған
Балаларды айтады.
Бала күтіп шаршаған
Аналарды айтады.
Бізге достық сәлемін
Жолдағанын айтады.
Бейбіт күнді әлемнің
Қолдағынын айтады.
Біздің елдей бай елді
Көрмегенін айтады.
Әділдікпен әлемді
Тербегенін айтады.
Қуанышпен жыл құсын
Жылда қарсы аламыз.
Мақтап елдің тұрмысын,
Шырқап әнге саламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter