Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  207


Автор: Құл-Керім Елемес

ИБРАҺИМ

Әмәнту* оқымаған кісі бар ма?
Уә, кутубиһи дегенмен ісі бар ма?
Абай
Әмәнту оқитұғын кісі қалмай,
Өзінен бұ дүниенің тозақ таптық...
Кісінің кісіменен ісі қалмай,
«Сорлының» сорақы әнін созақтаттық...
Аллаһ бір, сипаты мың барша есебі...
Білмедік,
Білуге оны асықпадық.
 Аллаһқа ашкөз нәпсі қарсы етеді,
Нәпсі еміп... хақиқаттан қашықтадық.
Біз үшін: «бұ дүние – мәңгі мекен,
Ал, Бақи – шын өлудің шегі шексіз...
Құраның – ескі ертегі, әңгіме екен...» –
Боп тындық деп осылай тегі тексіз!..
Сен болып ақыл айтар данасы кем,
Доңыз жер қой орнына заман туды.
Қазақтың ғибратлы баласы кем,
Заманың қандай нұрлы ет «Әмәнтулы»?..
Сүйдің де ақ Аллаһты танып-біліп,
Шырақтай шығысыңда жанып қалдың.
Айтсаң да бәрі-бәрін анық қылып,
Кеттік біз әсерінде сан ықпалдың...
Әмәнту оқитуғын кісі қалмай,
Өзінен бұ дүниенің тозақ таптық...
Кісінің кісіменен ісі қалмай,
«Сорлының» сорақы әнін созақтаттық...
Заманың қандай нұрлы ет Әмәнтулы?!


*Әмәнту – Аллаһқа иман келтіру немесе алты негізді сенім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу