Өлеңдер ✍️
АРҚАН
Әр адам бір-бір дүние,
Әр адам бір-бір-бір әлем.
Әр адамға ілкі дін ие,
Дін тұтар мүлтсіз мұра (гер) кем!
Дін тұтынбасаң – тұлданған
тұл тұлпар жүген-ноқтасыз,
О жалғанда да бұл жалған,
Қадалған қарғыс оқтасыз...
Әсілі діндәр адамның,
Жүректегі әппақ рухы.
Ақылы дімкәс наданның,
Алмайды-ау әттең құлуқы?!
Кететін ұшып құс пенде,
Тігүлі үй қалып, мінген ат...
Секем ап түстен, істен де,
Қорқудың қақы дінде нақ!
Салбырап тұрған ғайыптан,
Әр кімге бір-бір «арқан» бар.
Пендешіліктен айыққан,
Құл жүрегінен арқандар.
Ол арқан – діні Ислам,
Хақ айтқан: «Одан ұста!» деп.
Жаудырағанымен қысып ән,
«Бұ дүние жалған, қысқа!» деп...
Мәңгілік мұнда жоқ тіптен,
Мәңгілік бақи әлемде.
Мәңгілік нұрлы от күтсең,
Тіліңді келтір Кәлемге:
Ләә иләәһә илаллаһ!
Мұхәммәдур расулоллаһ!
Аллаһтан басқа Тәңір жоқ!
Мұхаммед Оның елшісі!
2002.1.31
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇