Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  132


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰЙҚЫ

Мен білетін айнала,
Дым білед деп ойлама.
Бас дегенді құлақ деп,
Білетіндер жай ғана.
Мен білетін айнала,
Дін білед деп ойлама.
Құлдық ұрған құлқынға,
Құлқын құлдар жай ғана.
Мен білетін төңірек,
Жеп-жерерлер сені іреп...
Анық жайлы ақ сөйлер,
Ақылдысы кемірек.
Мен білетін бұл маңай,
Қайра-ан, қайда тұлғам-ай?
Мейірсіз сап мекерлер,
Бір іс қылмас бұлдамай.
Мен білетін бұл қауым,
Туралықтан тұл қауым.
Тимайтындар бір өңкей,
Тұнықтарын былғауын.
 Мен білетін қазақта,
Аллаһ ісі аз-ақ та,
Айналдыру көп, сұмдық,
Ақиқатты мазаққа...
Мен білетін жайсаңның,
Жабығынан тайсандым.
Жарығы жоқ ішінде,
Жарығындай май шамның.
Мен білетін мына елді,
«Жарығы» бар – «түн» елді,
Айналдырма елге, Аллаһ,
Жүрегінде Күні «өлді»?!
Әмин!
2006.12.2




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу