Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  207


Автор: Құл-Керім Елемес

ПӘРӘНЖІ

Пәрәнжінің ар жағында шындық бар,
Бер жағы оның өтірік әлем жалтырақ.
Өз жалғанын күзетеді шындықтар,
Пәрәнжінің ар жағынан қалтырап.
 Пәктенуді «бітеулену» деп ұқты,
Жан шырағын жаға алмаған ділгірлік.
Нұрлы рухты нұрсыздыққа тоғытты,
Білегі үлкен Бисмилләһсіз білгірлік.
Пәрәнжінің ар жағында бар шындық,
Бер жағы оның өтірік Жалған қараңғы.
Қақырама,
Хайуаннан парқыңды ұқ,
Ақ-қараңды айырады пәрәнжі...
2004.2.9




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу