Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  205


Автор: Құл-Керім Елемес

АҚ ЖАУ

Аллаһ жаудырды ақ қарды,
Ақ қар басты бақтарды.
Періште әкеп әр гүлін,
Хақ міндетін атқарды.
Аллаһ, осы жаудырған,
Ақ нұрыңды аудырма!..
Берекет пен нұр етіп,
Тұр әмсе ылғи жаудыр да!
Аймағымды ағарттың!
Ақпен жанымды ағарттым!
Жауар тағы ақ нұр деп,
Үмітімді тағы арттым!
2011.12.20




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу