Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  181


Автор: Құл-Керім Елемес

ПІСУ

Жер қараңғы болғасын,
Жарық жерге түседі.
Жарық жерге толғасын,
Қараңғылық піседі.
Қараңғының піскені,
Жердің жарықтағаны.
Хақтың* жерге түскені,
Құлдың нарықтағаны.
2011.12.20
*Хақ – Құран




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу