Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  110


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ҚЫЗ АЛДЫНДАҒЫ ӘБІРЖУ

Неге ғана сүйіп алдым бетіңнен
Сезбесінші ешбір адам өтінем.
Тұрып қалдым тұман ойдың өтінде
Жігіттікке келмеппін-ау жетілген
Астаң-кестең болып кетті бар ойым
Әзиз жанды анталады уайым.
Жүрек шіркін көкірекке сия алмай
Дірілдеймің, Не етемін, Құдайым.
 Қызды сүю басталама осылай
Ашығына жетейінші тосылмай
Адам ата, Хауа ана аруағына сыйынам
Сүйгенімнен ажыратпа уа Құдай.
1958ж. 24 июнь.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу