Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  192


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАЛЫН ЖІГЕР

Алау сезім жас күндерден басталған,
Өзен бастау алғанындай асқардан.
Біздің батыр əкелердің арманын
Танып тұрмын жарқын жүзді жастардан.
Бір ғажайып сыр тербейді жүректі,
Бір ғаламат күш кернейді білекті.
Емеуріннен ұққандай дос ойымды,
Тегеурінмен тұтқандай қол күректі.
Мығым жігіт міне тартса құр атқа,
Күмбір қаққан күй келеді құлаққа.
Сыңғыр қаққан күміс күлкі естимін:
Бұлбұл үнді бойжеткен бе, бұлақ па?
Теңеулерді тапсам дағы қанша мол,
Тең келмейді жалыныңа асқан зор.
Сенің ізің, сенің күшің деп білем,
Қиындарға, қиырларға барса жол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу