Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  185


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАДІРЛІМ

Ер диқанның ойнайды жүзінде алау,
Кемесінде – шоқ жұлдыз, əсем жалау.
Десте-десте жазса да байлық жырын,
Даурығу жоқ, дамыл жоқ, қызық жан-ау.
Неткен шабыт: тың жердің лағыл дəні
Бункерлерден бұлақтай ағылғаны.
Астық – менің əспеттер тақырыбым,
Диқан – менің қөңілім табынғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу