Баталар ✍️

  26.01.2022
  2518


Автор: Жібек Ысқақова

Ал қане, бата берейін!

Тойға келген жамағат,
Қане, бата берейін.
Отау құрған екі жас,
Үстем болсын мерейің!
Көңілдерің шад болсын!
Бастарыңа бақ қонсын!
Жаратқаным жар болып,
Өздеріңе жақ болсын!
Отауларың берік боп,
Бар жақсылық серік боп,
Қуанышты сәт болсын!
Ақ некелерің оң болып,
Тағы жалғар той болып,
Бәрі лайым нақ болсын!
Орындалып арманың,
Аман болып мал-жаның
Сәттіліктер тап болсын!
Жоғары боп күйлерің,
Шаттықты боп үйлерің
Мерейлі, үстем ат болсын!
Сәби үні шырқалып,
Аяқ-қолы тырбанып,
Ең бақытты сәт болсын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу