Өлеңдер ✍️

  18.01.2022
  185


Автор: Жібек Ысқақова

Қаңтар айы жадымызда мәңгілік (2022ж)

Қаңтар айы жадымызда мәңгілік,
Атса-дағы қаншама бұл таң күліп.
Дүрбелеңі бұл қаңтардың сақталар,
Есімізде мәңгілікке жаңғырып.

Қаңтар айы жадымызда мәңгілік,
Боздақтардың үніменен үндейтін.
Қаралы күн, азалы күн мәңгі есте,
Үнсіздікте еске алатын, күлмейтін.

Қаңтар айы жадымызда мәңгілік,
Санамызда тұратұғын жаңғырып.
Қалаларды ойран еткен бұл қаңтар,
Қазағымды қайғы-мұңды, зар қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу