10.01.2022
  1210


Автор: Жібек Ысқақова

Отау құрғанымызға 6 жыл (қыз)

Біздер бірге бас қостық,
Болды міне алты жыл.
Күн де келді бас қосқан,
Жанды тербеп ән мен жыр.

Құтты болсын сүйіктім,
Алты жылдық мереке.
Бала-шаға аман боп,
Арта берсін береке.

Отауымыз мәңгі боп,
Болсын жаным көңіл тоқ.
Сыйластықта, бірлікте,
Бір жүрейік уайым жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу