08.01.2022
  16875


Автор: Жібек Ысқақова

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын, аға!

Жақсылыққа бастайтын жаны жайсаң,
Асқар таудай пейілің асыл ағам.
Үстем болып мерейің, абыройың,
Ел алдында жан аға артсын бағаң.

Құтты болсын жасыңыз зейнеткерлік,
Пейнеттің сіз көріңіз зейнетін тек.
Саулығыңыз мықты боп асыл ағам,
Ортамызда жүріңіз сіз күлімдеп.

Көңліңізде жайқалған жаз орнасын,
Гүл көктемнің самалы тербеп жанды.
Алтын күздей жарқырап, шаттаныңыз,
Әуелетіп жан аға шырқап әнді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Базарбай
Базарбай 28.10.2025 21:10
Туган кун

Пікір жазу