08.01.2022
  8268


Автор: Жібек Ысқақова

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын, анашым!

Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын,
Ақ жаулықты анашым, мейірімді.
Саулығыңыз анашым мықты болып,
Нұрландырып жүре бер үйімізді.

Бұл табиғат сыйласын махаббатын,
Мейріміне Жаратқан бөлеп сізді.
Күн күлімдеп төксін тек шапағатын,
Ұзақ ғұмыр анашым, сыйлап жүзді.

Жүзіңізден қуаныш кетпесін тек,
Зейнеткерлік күнінде жүрек үндеп.
Қыдырыңыз шаттанып демалыста,
Немереге анашым «бірге жүр» деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу