Өлеңдер ✍️

  02.12.2021
  266


Автор: Нұрбақыт Мұхаметжанұлы

БАҒА ЖӘНЕ БІЗ

Бақ дарыған десектағы, тағы бұл,
Баға деген ой салады кім-кімге.
Суыр менен сұр тышқан да сұмдық пұл,
Ту биенің құны болды түлкің де.

Шай бағасы шарықтады үш есе,
Не болады күнім енді күшесе?
Тоны тозып, ақ көңілдің аты арып,
Жібермейді бір-біріне кісі есе.

Күлкі үйріліп жүргенменен шырайға,
Іштей жылап жалынамыз Құдайға.
Шал-кемпірі шай құмар бұл қазаққа,
Екі шайың шақ келмейді бір айға.

Бүтінделмей жыртық, тесік, кетігің,
Қу жаныңа жоқ қой құрсын не тыным.
Бір қой құнын санап беріп жаңа алған,
Екі-ақ күнде айырылар етігің.

Әлқисса деп алдыменен арақты айт,
Магазинге басың сұғып қарап қайт.
Қаптаған мас қалта түбі қағылған,
Арт жағыңнан аш қасқырдай алақтайд.

«Қуғыншыдан» құтылам деп қашып көр?
Шырылдамай бар ақшаңды шашып бер.
Жан алқымдап жатса баға бір жақтан,
Ақымақтық жаттығып жүр машыққа ел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу