Өлеңдер ✍️

  20.11.2021
  1959


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын туған күнің ұстазым

Сынып жетекші ұстазым, жүрегі кең,
Бар жақсыны әрқашан біле білген.
Құтты болсын бүгінгі төл мерекеңіз,
Үн қатамын жүрек жарды тілегіммен.

Жаңа жастың сезініңіз бар жақсысын,
Туған күнде ұстазым гүлдей жайнап.
Жүзіңізден қуаныш кетпей апай,
Амандықта жүріңіз күліп-ойнап.

Жастан жасқа амандықта жетіңіз сіз,
Сынып жетекші ұстазым күлім қағып.
Еңбегіңіз жанып ұстаз жүріңіз тек,
Жұлдыздайын жарқырап, жымың қағып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Перизат
Перизат 20.05.2025 11:48
Туған күн

Пікір жазу