Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  5075


Автор: Жібек Ысқақова

15 жылдық сыныптасыма тілек

Он бес күндей өткен бұл он бес жылдық,
Құтты болсын ақ жарқын сыныптастар.
Бас қосулар жалғасып, болып тағы,
Кедесуге келейік сыныптастар.

Өте берсін шаттықта жылдарымыз,
Тыным таппай жалғасып бұл бағымыз.
Сыныптастар арайлы таңдар атып,
Таусылмасын шырқалар жырларымыз.

Амандықта болайық, шаттықта біз,
Сыныптастар жақсылық үнін жалғап.
Он бес жылдық жалғасып тағы, тағы,
Шаттықта біз жүрейік тілек арнап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

23.05.2025 00:03
Мұғалімге тілек оқушыларға тілек

Пікір жазу