Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  23095


Автор: Жібек Ысқақова

20 жылдық түлектер, кездесуге құттықтау сөздер

Артқа салған кездесу жиырма жылды,
Сағынышпен шырқатып ән мен жырды.
Мектептегі бал күндерді еске аламыз,
Сол шақтағы қызықты, біздер құнды.

Бұл күндері отбасылы жандармыз біз,
Көңіліміз биікте, заңғармыз біз.
Сыныптастар, құрдастар болшы аман,
Шаттық сыйлап арайлы атып таңдарыңыз.

Бұл кездесу жанымызға нұр сыйласын,
Бұл кездесу баршаңызға жыр сыйласын.
Мектептегі естеліктер жанды тербеп,
Бұл кездесу ұмытылмас үн сыйласын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу