Өлеңдер ✍️

  10.11.2021
  4162


Автор: Жібек Ысқақова

10 жылдық кездесуіне класстастарға тілек

Он жыл бұрын бірге едік бәріміз,
Бір мектепте атып шаттық таңымыз.
Қимай-қимай түлеп ұшып кеткен ек,
Он жылдан соң кездестік міне тағы біз.

Ұмытылмас мектептегі бал күндер,
Өткен күннің тарихы боп тербелген.
Ұстаздардың есімізде сөздері,
Сол бір шақта жанымызға дем берген.

Құтты болсын он жылдық бұл кездесу,
Сыныптастар, қалайсыңдар өздерің?!
Аман болсын отбасы ошақ қастарың,
Күлім қағып балбұл жанған жүздерің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу