07.11.2021
484
Шығармашылық хобби
Өзіңіздің сүйікті кәсібіңіз жайлы канал жасаңыз. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, оған қоса оны видеоға түсіріп, табыс көзіне айналдырыңыз. Мүмкін көрермендеріңіз арасынан сіздің туындыларыңызды қымбат бағалайтын жандар болып қалар.
- Би арнасы. Танымал би стильдеріннің қимылдарын үйретуге болады.
- Кітап обзорлары – оқыған кітатптарыңыздың қысқаша мазмұнымен, ең пайдалы әрі қызық жерлерімен көрермендермен бөлісіңіз.
- Сурет салу - мұнда сіз көрермендерді сурет салуға үретіп, спидпэйнттерді (сурет салу процессін жылдамдатып көрсету) де көрсете аласыз.
- Музыкалық аспапта ойнау. Егер белгілі бір музыкалық аспапта жақсы ойнасаңыз, неге сол аспапта ойнауды үйрету жайлы немесе танымал туындыларды ойнап видеолар түсірмеске?!
- Ән айту - мұнда вокалға үйретуге, сүйікті әндеріңізге, танымал әншілердің әндеріне кавер түсіріп, біріншіден монетизациядан ақша тауып, одан кейін, аудитория жинап, уже өзіңіздің өлендеріңізді сол аудиторияға тыңдата аласыз. Концерт ұйымдастырып, билет сатсаңыз болады, ән айтудан сабақтар өткізсеңіз болады. Сізді бір продюсерлер көріп қала алады, Скриптонитты Баста клипы ютубқа шыққаннан кейін келесі күні шақырып алғандай. Курсымда тема таңдау сабағында тағы да басқа тақырыптарды ұсынып және де сол тақырыптағы каналдарды қалай табыс көзіне айналдыруға болатынын айтатын боламын.
- Поэзия – мәнерлеп оқудан шебер болсаңыз, өз өнеріңізбен басқалармен бөлісіңіз. Әсіресе канал қазақ тілді болса, сіздің бірінші көрерменіңіз боламын. Мысал ретінде Anna Egoyan және o.sychewa каналдарын ұсынамын.
- Фокустар мен сиқырлар - миллиондаған жазылушылар әкеле алатын ниша. Өйткені көп адамдарды таң қалдыратын фокустардың жасалу жолына қызығатындар саны өте көп.
- Жазушы арнасы. Кітапты қалай жазуға болатынын, оны қалай шығаруға болатынын және жазудың басқа құпиялары жайлы айтуға болады.
Қыздарға арналған идеялар идея YouTube влогер Ақша табу жолдары интернетпен ақша табу хобби шығармашылық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇