Баталар ✍️
Баталар ✍️
02.11.2021
1643
49 жас, мүшел жасқа бата
Қанекей бата берейін,
Жаратқан ием қабыл ет.
Қырық тоғыз жас келді,
Қабылдаудың қамын ет.
Төртінші мүшел жасында,
Әрбір ісін жағымды ет.
Ашық етіп жолдарын,
Сенімдерін кәміл ет.
Ауыра қалса бір демде,
Сауықтырар дәріңді ек.
Мықты етіп саулығын,
Қуанышты, көңілді ет.
Әрбір ісін оң қылып,
Ризықтарын мол қылып,
Жақсылығын толымды ет.
Қиындығын жоқ етіп,
Сәттілігін көп етіп,
Әр жұмысын болымды ет.
Төртінші мүшел жасында,
Отбасы аман, қасында,
Бақ-береке қонымды ет.
Жаратқан ием лайым,
Ақ батаны қабыл ет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇