Өлеңдер ✍️

  31.10.2021
  2119


Автор: Жібек Ысқақова

37 жас, әпкем туған күніңмен

Жаны жайсаң мейірімді жан әпкем,
Құтты болсын туған күнің кеп жеткен.
Отыз жеті жасыңыз құтты болсын,
Үшінші мүшел жасыңыз күлімдеткен.

Үшінші мүшел жасыңыз бақ әкелсін,
Қуаныш пен шаттықты сәт әкелсін.
Көңіліңіз жайма шуақ жаздай болып,
Балалықтың балдай тәтті шақ әкелсін.

Арманыңыз орындалсын сіз аңсаған,
Тәнті болып өзіңізге қаншама адам.
Деніңіз сау болсын әпке, жүз жасаңыз,
Өз ортаңда күн-күндеп артып бағаң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу