Өлеңдер ✍️

  17.10.2021
  788


Автор: Дәркен Танабаев

ОТБАСЫ

Бақытым, байтағым өз елім,
Өз үйім, өз жерім, өзенім.
Тірліктен қалт етіп босасам,
Туған жер, төсіңді кеземін.
Шын бақыт мейірі ананың,
Әкеңнің, бауырдың, баланың.
Жаныңды ұғатын жарың бар,
Гүліндей сүйкімді даланың.
Жұмақ қой ошағың-от қасы,
Сөзіме көңіл бөл, тоқташы.
Құрайды Отанды, халықты,
Осындай шап-шағын отбасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу