21.08.2021
  181


Автор: Асаба (тамада)

Үш, төрт, бес, алты, жеті.

Үш жүрт

• Ағайын жұрт.
• Нағашы жұрт.
• Қайын жұрт.

Үш байлық:

• Бірінші байлык - денсаулық
• Екінші байлык – ақ жаулық.
• Үшінші байлык- қорадағы бес саулық.

Үш би

• Үйсін Төле би.
• Арғын Қаздауысты Қазыбек
• Алшын Әйтеке би.

Үш дана

• Абай.
• Шоқан.
• Ыбырай.

Үш арыс

• Сәкен.
• Бейімбет.
• Ілияс.

Үш қат

• Жоғары қат (аспан).
• Орта қат (жер үсті).
• Төменгі қат (жер асты).

Үш қуат

• Ақыл қуат.
• Жүрек қуат.
• Тіл қуат.

Үш ғайып

• Ажал ғайып.
• Қонақ ғайып.
• Несібе ғайып.

Үш арсыз

• Ұйқы арсыз.
• Тамақ арсыз.
• Күлкі арсыз.

Үш дауасыз

• Мінез.
• Кәрілік.
• Ажал

Үш қадірлі

• Ырыс.
• Бақ.
• Дәулет (Жиренше шешен).

Үш қадірсіз

• Жастық шақ.
• Денсаулық.
• Жақсы жардың (әйел) қадірін білмейді.

Үш жамандық

• Нақақ қан төгу.
• Кісі малын нақақ алу.
• Ата- бабадан калган ескі жұртты бұзу.

Үш жакын

• Жан тәтті.
• Мал тәттті.
• Жар тәтті.

Үш ақиқат.

• Қымбат - шындык.
• Арзан - өтірік.
• Дауасыз - кәрілік (Жанқұтты шешен).

Үш қуаныш

• Алғыс алу.
• Өзіңді көптің іздеуі.
• Ісіңнің өшпеуі.

Үш биік

• Билік.
• Дәулет.
• Даналык.

Үш асыл

• Көз.
• Тіл.
• Көңіл.

Үш артық

• Адалдык.
• Еңбексүйгіштік.
• Өнерпаздык.

Үш ынтык

• Еркін өмір.
• Қүрметке белену.
• Пайдалы еңбек егу.

Үш түл

• Қайратсыз ашу тұл.
• Тұрлаусыз ғашык тұл.
• Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай).

Үш апат

• Ғалымдар мен қарттарды сыйламау.
• Өкіметті сыйламау.
• Асты ысырап ету.

Үш кедейлік

• Кежірлік.
• Еріншектік.
• Ұйқы (Төле би).

Үш кемдік

• Надандык.
• Еріншектік.
• Зұлымдық (Абай).

Үш бақытсыздык

• Жаман ат.
• Жаман қатын.
• Жаман көрші.

Үш көз

• Су анасы - бұлақ.
• Жол анасы - тұяқ.
• Сөз анасы-күлак.

Үш токтам

• Акыл – арқан
• Ой – өріс
• Адам — қазық.

Үш касиет

• Өліде - аруақ.
• Малда - кие.
• Аста - кепиет.

Үш тағылым

• Мейірімінен - сауап.
• Жақсылықтан - шарапат.
• Жамандықтан - кесапат.

Торт тұлға

• От.
• Су.
• Жел.
• Жер.

Төрт құбыла

• Шыгыс.
• Оңтүстік.
• Батыс.
• Солтустік.

Төрт маусым

• Көктем.
• Жаз.
• Күз.
• Қыс.

Төрт тоқсан

• Кыс тоқсан.
• Жаз тоқсан.
• Шілде тоқсан.
• Күз тоқсан

Төрт бүрыш

Шығыс елі дүниенің төрт бұрышы деп
- Шын – Машын (Үдістан)
-Мысыр,
-Рұм
-Еуропа елдерің айтқан.

Төрт түлік

• Түйе пірі - Ойсыл қара.
• Жылкы пірі - Қамбар ата.
• Сиыр пірі - Зенгі баба.
• Қой, ешкі пірі - Шопан ата, Шекшек ата.

Төрт мұрат

• Дау мұраты - біту.
• Саудагер мұраты - ұту.
• Қыз мүраты - кету.
• Жол мұраты - жету
• (Сырым батыр).

Төрт мүлік

• Бас - сандык.
• Тіл - кілт.
• Қол -мүлік.
• Аяқ - азамат.

Төрт қорлық

• Шакырылмаған жерге бару.
• Бейбастық сөйлеу.
• Дұшпаннан жәрдем күту.
• Сараңнан қажет сұрау.

Төрт халифа

• Әбубэкір.
• Омар.
• Оспан.
• Әли.

Төрт періште

• Аллаға жақын төрт періште бар. Олар:
• Жебірейіл
• Әзірейіл
• Мекайіл,
• Исрафил.

Төрт қылыш

• Хэмхам.
• Сэмсам.
• Зұлпыхар.
• Зұлқажа.

Төрт кітап

• Тәурат - Мұсаның кітабы.
• Зәбүр - Дәуіттің кітабы.
• Інжіл - Исаның кітабы,
• Кұран - Мұхамбеттің кітабы.

Төрт пір

• Жарлының пірі - қалтаң ата.
• Ұрының пірі - жалтаң ата.
• Шебердін пірі - тепшім ата.
• Кәрінің пірі - кекшіл ата (Досбол шешен)

Терт күнә

• Аллаға күмән келтіру.
• Накактан қан төгу.
• Ата-анага тіл тигізу.
• Өтірік куә болу (Мұхамбет пайғамбар).

Бес парыз

• Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлы касиетін мойындау.
• Намаз оқу.
• Ораза тұту.
• Қайыр садақа беру.
• Жашиық намазы.

Бес намаз

• Таң намазы.
• Бесін намазы.
• Екінді намазы.
• Акшам намазы.
• Жашиық намазы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу