Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  515


Автор: Қанат Сарыбаев

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІМ ЖАСА МӘҢГІ

Асқар таудың паналаған етегін,
Туған жерім қазақ елі мекенім.
Талай-талай, қилы-қилы кезеңде,
Дәлелдеді қазағым тәуелсіз ел екенін.

Қасиетті, қазыналы қазағым,
Жазықсыздан құрбаны болды жазаның.
Тәуелсіз ел атандық қой біз бүгін,
Жаратқан Алла бізге салып назарын.

Желбіреп туым, шырқалды міне ән ұран,
Азаттық күні жарқырап қазақ таңынан.
Еске алған да желтоқсанның құрбанын,
Құлазып көңіл, елжіреп жүрек жабығам.

Батыр елім, ақын елім қазағым,
Табылған тек тұла бойдан таза мін.
Біле- білсең бұл күндері расында,
Қасиетті қазақ деген таза ұғым.

Білімді ұрпақ тәуелсіз ел тірегі,
Бар қазақтың тәуелсіздік тілегі.
Елім, жерім, ұрпағым деп тек қана,
Соғып тұрсын әр қазақтың жүрегі.
Қазақ елі жаса мәңгі жасай бер,
Бейбіт өмір болып тұрсын үнемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу