Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.07.2021
167
Омар мен Таубайдың Жүсібіне айтқаны
Бектерім, бір-біріңмен болсаң тату,
Тарығып, тартпассыңдар тіпте қату.
"Жемейді біріккенді бөрі" деген,
Бұрынғы қариялардан қалған ату.
Қайраты қатарынан асқанменен,
Ерлерге емес оңай тау құлату.
Жақсыға жарасарлық жұмыс емес,
Бурадай шашып көбік, бұрқырату.
Ішінде аз өмірдің араз болып,
Айып іс — аға-ініні сөзге шату.
Жау болған жақынымен — жатқа жем боп,
Еркімен ете алмайды сауда-сату.
Жастарға жаңа өспірім жаздым үгіт,
"Жөн айтпай, жарамас, – деп, – жайға жату".
Болғанмен аспандағы Ай мен Күндей,
Уа, дарих, өмір бітсе, бір күн бату.
Мақсатым — мысал айтып мұндайынша,
Ойласып ойлы ерлермен, сөз сынату.
"Ишарат — ақылы барға" деген нақыл,
Шешенсіп, келіспейді көпті ұзату.
Қармақшы, 1913
Жүсіп өмір Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter