Өлеңдер ✍️

  03.07.2021
  218


Автор: Мұзафар Әлімбаев

Үндемейді неге анау Қаратас?

- Дүниеге кеткен еркін, кең сыйып
Ана бір тас неге жатыр мелшиіп?
- Ол өкпелі.
Here десең, аты жоқ.
Ішінде оның өкініш пен қапы көп.
Болмағанда, болмағанда өкпелі,
Оның бізге айтары да көп тегі.
Тауып қойсаң, ол тасқа сен бір атты,
Сөйлеп кетер, сайрап кетер сияқты.
Аты жоқтар кіммін дейді, не дейді,
Содан ләм-мим, содан ләм-мим демейді.
Кеп өлермен өзеурейді-ау сорына,
Қарамайды-ау қасиеті жоғына...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу